Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – БІЗДІҢ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІ


25 января 2014, 07:44 | 16 755 просмотров



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халыққа арналған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын тиянақтап, алда атқарылар істердің ауқымын айқындап берді.

Бұл Жолдау жариялану мезгілі жағынан да, мазмұны жағынан да дәстүрлі жыл сайынғы Жолдаулар¬дан айрықша, қоғамға мүлдем жаңа серпін береді. Жолдаудың басты мақсаты – Қазақстан халқының сана¬сын, дүниетанымын өзгерту арқылы өмірін жақсарту, өмір сапасын күшейту, адамдардың өз өміріне деген жаңаша көзқарас ояту. «Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі»,- делінген Жолдауда. Адамның өмір сүру деңгейін жақсарту – бұл, ең ал¬дымен, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты екені белгілі.

Өткен жылы Мемлекет басшысы еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жоспарын ұсынған болатын. Ал бұл жолы сол ғаламдық стратегияны жүзеге асыру үшін Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Біздерді, яғни, ме¬дицина саласының қызметкерлерін Елбасының адами капиталға ерекше көңіл бөлетіні қуантады. Әрбір Жоло¬дауында отандық медицинаның ең бір өзекті мәселелерін қозғап, соны дамыту туралы ой қозғайтыны, жауапты меке¬мелерге нақты тапсырмалар жүктейтіні рухтандырады. Бұл жолғы Жолдау¬да Президент алғашқы медициналық- санитарлық көмекті тиісті деңгейге көтеру қажеттігі туралы атап өтті. Осы¬дан бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматы конферен¬циясында алғашқы медициналық көмек көрсетуде Қазақстан озық деп танылып, өзге елдерге үлгі ретінде ұсынылған. Бірақ, тәуелсіздігіміздің бастапқы қиын да күрделі жылдарында нарық туындатқан қиындықтарға байланысты бұл саланың қызметі біршама тұралап қалған. Дегенмен, бұл мекемелердің жұмысы соңғы он жыл ішінде жандан¬дырылып, дәрігерлер мен орта медици¬на қызметкерлерінің кәсіби деңгейлері көтеріліп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта бұл жұмысты барынша жандандыру қажеттігі жылдың бас құжатында баса айтылып отыр.

Бүгінгі таңда облыста медициналық қызмет көрсету сапасына үлкен көңіл бөлінуде. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде жоғары технологиялық медициналық көмекке деген қолжетімділік деңгейі күн санап артып отыр. Сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы халықаралық стандарттарға сай жабдықталуда. Өйткені, медициналық қызмет көрсету саласындағы бәсекелестікті дамыта отырып, дәрігер мен емдеу мекемесін таңдауды халықтың өз құзырына қалдыруды мақсат тұтқан Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі – еліміздің медициналық саласын жетілдіруге жол ашып отыр.

Себебі, меншік түріне қарамастан медициналық қызмет көрсету орындары¬на қойылатын талап біреу – ол, халыққа тегін медициналық көмек көрсету және оның сапалы болуын қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысының Жолдау¬ында алға қойып отырған ұзақмерзімді мақсаттардың, бірінші кезекте, тұрғындар үшін қолайлы болары сөзсіз.

Осы орайда, Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде халыққа көрсетіліп отырған көпсалалы медициналық қызмет туралы барлық ау¬дандар мен шалғай ауылдық елді мекен¬дерде түсіндіру-ақпараттық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, ауруды ерте саты¬да және қауіп-қатер факторларын анықтау үшін қолданылатын, сонымен бірге, емдеу тиімділігін арттыруға және асқынудың дамуының алдын алуға баса назар аударылуда.

Соңғы жылда облыста ауыл тұрғындарының денсаулығын бақылау мәселесі өте өткір қойылып келеді.

Осыған орай, ауыл тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету мақсатында соңғы жылдары санитарлық авиация қызметі де қалпына келтірілді. Бұл көптеген аурулардың дер кезінде жоғары деңгейде дәрігерлік көмек алу мүмкіншілігі аясын кеңейе түсті.

Жаңаша сипат алған медицианалық қызмет түрлері соңғы үлгідегі арнайы көліктер мен реанимобильдермен қамтамасыз етілген.

Облыстық емдеу мекемелерінің білікті дәрігер-мамандары қажет болған жағдайда аудандық аурухана¬лармен телемедициналық байланыс арқылы кеңес беру мүмкіндігіне қол жеткізді. Сондай-ақ, бүгінде телемеди¬цина арқылы республикалық ғылыми орталықтармен де байланыс жүйесі едәуір жақсарды.

Елбасының міндетті медициналық сақтандыру туралы айтқан ойла¬ры өте орынды деп есептеймін. Бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс үлкен мәселе. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар Кеңес одағынан қалған ескі ұстанымнан айырылар емес. Олар медицина түгелімен ақысыз және өз азаматтарының денсаулығы үшін тек қана мемелекет жауап беруі керек деп ойлайды. Бұл - дұрыс емес. Азаматтардың денсаулығын сақтауда үш мәселенің бірлігі болуы қажет. Денсаулық үшін жауапкершілік, ал¬дымен, азаматтың өзіне, екіншіден қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасайтын, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ететін жұмыс берушіге және ақысыз медициналық көмектің нақтылы мөлшеріне кепіл болатын мемелекетке жүктелуі тиіс. Сонда ғана әр адам өз денсаулығының жауапкершілігін сезініп, саламматты өмір салтын ұстануға, та¬бысты әрі мықты болуға ұмтылады. Жалпы, денсаулық - байлығы. Ұлттың дені сау болса, мемлекет те табысты бо¬лады.

Қазақстандықтар ел экономикасының өсуімен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің нығаюын, ал медициналық қызметтердің мейлінше қолжетімді, әрі сапалы болуын қалайды. Бұл ретте біз де қоғам болып осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеуге тиіспіз. Өйткені, халықтың денсаулығы – еліміздің басты байлығы. Бүгінде аса жа¬уапты бұл міндет ұлт болашағы үшін жа¬салып отырған мемлекеттік қолдаудың алғышартына айналып отыр.

Осындай нәтижелі жұмыстардың барлығы Елбасы Жолдауында қойылған межелі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып отыр.

Жамбыл облысының денсаулық саласы қызметкерлері алдағы уақытта еліміздің ұзақмерзіміді даму стратегия¬сын айқындаған Жолдауда белгіленген мақсаттарды орындауға бар күш-жігері мен кәсіби біліктілігін жұмсайды деп сендіргім келеді. Өйткені, бұл Жолдау – болашақтың Жолдауы!

Автор:
Салтанат ОМАРБЕКОВА Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамбыл облысы