Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ


25 января 2014, 07:41 | 1 669 просмотров


Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік ретінде орнықтыру жолындағы басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік саясаттын негізгі бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып қала беретіні айдан анық болып отыр. Осы себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Салық органдарына тиісті қадағалаудың басымды бағыттарының бірі ҚР- ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының нақты бірыңғай қолданылуы болып табылады. Осы бағытта ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мүлтіксіз қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында тынбай күрес жүргізіліп келеді. Күнделікті өмірде, сыбайлас жемқорлық туралы айтқан кез¬де міндетті түрде мемлекеттік қызметкер еске түседі. Алайда, жеке секторда да сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстардың ауқымы аз емес.

Осы тұста айта кететін мәселе, ол аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сауатының кемшін түсіп жатуы. Сыбайлас жемқорлық сияқты ауыр қатерді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерімен ғана емес, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жеңуге болады.

Және де, бұл қылмыспен тек қана құқық қорғау органдары емес, қазір халықтық демократиялық партия «Нұр Отанның» өкілдері, басқа да қоғамның белсенді мүшелері ашық күрес жүргізіп, қоғамымыздың өркениетті дамуына кері әсерін тигізетін зауал ретінде қарап, осы қылмыстың алдын-алу да түрлі шаралар жүргізіп жатқандығын еске сала кеткіміз келеді.

Автор:
Қарақат Әбілғазиева Талғар ауданы бойынша, Салық басқармасының қызметкері