Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АМАН, ЕСЕН, ЖҮРСІН!


25 января 2014, 06:18 | 1 861 просмотр



Тараздағы №1 қалалық балалар ауруханасының пер¬зентхана бөлімінде қала тұрғыны Айнұр Көшпенбетова есімді жас ана дүниеге үшем әкелді. Олардың әрқайсысының салмағы 2,5 килограмм.

Айнұр аяғы ауыр кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен Алматы қаласының акушерлік- гинекологиялық институтында алдын ала тексерулерінен өтіп, жүкті әйелдерде болатын асқынулардан емделген. Сондай- ақ, Тараз қаласындағы №4 қалалық емханасын¬да есепке тұрып, тұрақты түрде дәрігерлердің бақылауында болған.

Айнұр Көшпенбетова мен оның жұбайы Қанат Орынбековтің бұған дейін 3 баласы бар бола¬тын. Енді, міне, олардың қатарына Аман, Есен және Жүрсін есімді бауырлары қосылып, жас жұбайлар бірден көпбалалы отбасына айнал¬ды. Айнұр әзірге жұмыс істемейді, ал күйеуі көлік жүргізуші болып еңбек етіп жүр. Дәрігерлердің айтуынша, бала¬лар қажетті салмағын қосып, тиісті қалпына келгенше медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.

Жамбыл облысында өткен жылы жалпы 27 028 бала, оның ішінде 13 106 ұл, 13 922 қыз өмірге келіпті. Соның ішінде 3 от¬басы үшем қуанышына бөленген. Бүгінде олардың барлығы сау- саламат өсіп келеді.

Автор:
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ