Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ПАРАЗИТТІ ЖӘНДІКТЕР


28 декабря 2013, 12:32 | 2 118 просмотров



Мен, Сарыбаева Нұрлыгүл Әділхан қызы Талғар медициналық училищесін 1980- 1982 жылы бітіріп, 30- жыл мед.сестра болып жұмыс істедім. Соңғы 10 жыл Н. Островский атындағы орта мектеп мейірбикесі болып жұмыс істедім.

2002-2005 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтының химия биология факультетін 2002-2005 жылдары сырттай оқып бітіріп, қосымша 2006 жылдан бері ЖСШ Маловодный медициналық колледжіде биология, микробиология пәндерінен сабақ беріп келемін. Алла бұйыртса, ақпан айында медициналық сестрадан жоғары санатымды жалғастырып қорғағым келеді

Паразитті буынаяқтылар

Буынаяқтылар тобына жататын жәндіктердің көптеген түрлерінің кейбіреулері ғана адамға сезінерліктей зиян келтіреді. Біріншіден, бұлар улы өрмекші тәрізділер және жәндіктер(қарақұрт).

Екіншіден, бұлар әртүрлі ауруларды таратушы өрмекші тәрізділер (кене) мен жәндіктер (бит, бүрге, масса, шыбындар және т.б.). Үшіншіден, тамаққа немесе заттарға зақым келтіретін жәндіктер (үй құмырсқалары, қара күйе, ұштаушы- қоңыздар, кеміргіш қоңыздар және т.б.)

Биттер

Жиырмасыншы ғасырдың ортасында тұрғындар, әсіресе, ауыл тұрғындары жаппай биттеді. Осыған байланысты, қоздырғыштарын битер тасымалдайтын бөртпе сүзек эпидемиясы болды.

Биттер - кішкентай және аз қозғалатын жәндік, оның денесі жіңішке жне ақшыл- сары түсті.

Олар шашқа немесе киімге жабысып тұратын жұмыртқалары арқылы көбейеді. Екі жетіден кейін жұмыртқадан пішіні бойынша ересек түріне ұқсайтын және қан сора алатын личинка шығады.

Адамда биттердің үш түрі паразитті өмір сүреді: киімде тіршілік ететін; шашта тіршілік ететін бас биті; шаттарда тіршілік ететін шат биті.

Олар бір адамнан екінші адамға беріле алады, бірақ тек адамда өмір сүретін болғандықтан, жануарға беріле алмайды ( құстар биті бар ол адамға қауіпті емес). Иесін ауыстырған кезде

«Бөртпе сүзек» жұғуы мүмкін, ол ауру адамның қанымен бірге ауру қоздырғыштартарын сорып алады да, басқа адамға тасиды. Биттердің аналығы да, аталығы да қансорғыш болып келеді. Жеке гигиена талаптары сақталмаған жағдайда өте жұқпалы. Балалар мазасы кетіп, қышынып, дұрыс ұйықтай алмайды, сабаққа ынтасы нашарлап, иммунитеті төмендейді.

Биттермен жарақаттанудың алдын алу үшін жеке гигиена талаптарын қатаң сақтау керек. Басты және денені жиі жуып, іш киімді жиі ауыстырып өтектеу керек.

Бит немесе личинкасын жұқтырған жағдайда:

- науқасты клеенкамен қапталған орындыққа отырғызып,

- мақтаның көмегімен науқастың шашын педикулезге қарсы құралмен өңдеу ( «Ниттифор» ласьоны, «Педилин» су сабыны, «Антибит» лосьоны)

Есте сақтаңыз! 5 жасқа дейінгі балаларға, аяғы ауыр немесе бала емізетін әйелдерге фосфорорганикалық ерінділерін пайдалануға болмайды!

- Шашты үшкіл орамалмен 20 минутқа таңу. («Ниттифор» ласьоны-45 минут).

-Шашты жылы сумен жуу.

-5-10% ас сірке су ерітіндісімен шаю. 10-15 минут бойы жиі тарақпен тарау.

-Қасағаның биттері болуында қасаға және қолтық астындағы түкті өңдейді, 10 % күкірт немесе ақ сынап майын терісіне жағады.

-Науқастың киімін, үшкіл орамалын, соданың 2% ерітіндісіне 5 минут қайнатып, 2 жағын ыстық үтекпен тегістеу керек.

Автор:
Нұрлыгүл САРЫБАЕВА Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы