Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДДҰ: 2012 ЖЫЛЫ 8 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН КӨЗ ЖҰМДЫ


23 декабря 2013, 11:18 | 1 776 просмотров



Дүниежүзінде онкологиялық ауруға шалдыққан және одан көз жұмған адамдардың саны көбеюде.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мамандандырылған мекемесі - Қатерлі ісікті зерттеу бойынша халықаралық агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің соңғы мәлеметтеріне қарағанда, 2012 жылы бүкіл әлем деңгейінде онкологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 14,1 млн-ға жеткен, ал қатерлі ісіктен 8,2 млн адам көз жұмған. 2008 жылы бұл көрсеткіштер төменірек болған - 12,7 млн адамға қатерлі ісік диагнозы қойылды, ал онкологиялық аурудан 7,6 млн адам ажал құшты, деп хабарлайды БҰҰ баспасөз қызметінен.

Өткен жылы қатерлі ісіктің ең кең тараған түрі - өкпенің (1,8 млн), кеуденің (1,7 млн) және тік ішектің (1,4 млн) қатерлі ісігі болған. Болашаққа жасалған болжамдар да көңіл көншітпейді. Сарапшылар 2025 жылы ғаламшар халқының қартаюы салдарынан жыл сайын 19,3 млн адам онкологиялық ауруға шалдығады деп болжайды.

Соңғы бағалауларға сәйкес, дүниежүзінде әр 5-ші ер адам және әр 6-шы әйел адам 75 жасқа дейін қатерлі ісікпен ауырады. Ал әр сегізінші ер адам және әр 12-ші әйел адам онкологиялық аурудан көз жұмады, деп жазады Росбалт.