Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘСТҮРЛІ ЖАРЫС


23 декабря 2013, 11:04 | 1 436 просмотров


Тәуелсіздік күні қарсаңында «Динамо» спорт кешенінде Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің саптық бөліністер арасындағы шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысқа 10 команда қатысты. Қатыушылар арасында Сарқан, Текелі, Қаратал, Көксу,Ақсу, Талдықорған қаласының полиция батальонынан қызметкерлер болды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Ішкі істер қызметкерлері нағыз кәсіби ойын шеберлігін көрсете білді. Оның үстіне спортшылардың физикалық дайындығы да жақсы деңгейде болды. Тартысты өткен бәсеке нәтижесі бойынша Басқарма аппараты командасы жеңімпаз атанды. Жарыс соңына командаларға сыйлық беріліп, жарыстың үздік ойыншылары да анықталды. Үздік ойыншылар мен жеңімпазарға құрмет грамотасы мен сыйлықтарды Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция полковнигі Тлеуберлинов Еділ Әбілмәжінұлы өзі табыстады.

Тлеуберлинов Еділ Әбілмәжінұлы , Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі бастығы:

- Бүгінгі өткізіліп отырған шара Елбасымыздың салауатты өмір салтын қолдау арқылы жас қызметкерлерді спортқа баулу мақсатпен өткізіліп жатыр. Бұндай спорттық шаралар бізде жыл он екі ай әр мерекеге орайластырып жарыс өткіземіз. Ішкі істер қызметкерлері қазір денсаулығы мықты, дене бітімі дамыған, мықты, спортқа жақын болуы тиіс. Спорттық шараларды бір жылға жоспарлап қоямыз.

Еділ Әбілмәжінұлы айтуы бойынша осындай жарыстарды жиі өткізу қызметкерлердің жас буыны мен аға буынды байланыстыратын, тәжірибе алмастыратын, мамандықты қастерлеуге жол ашатын бірден-бір құрал. Сонымен қатар, аталған басқарма қызметкерлері салауатты өмір салтын қолдап, өздерінің денсаулығына ерекше көңіл бөлетіні көрінді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық және экономика маңыздылығы бар нысандарды күзетеді.

Автор:
ЖД ақпарат