Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫМБАТ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫҢ 130 ТҮРІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАЙ ТҰР


2 декабря 2013, 07:37 | 1 457 просмотров



Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі медицина ұйымдарындағы қымбат құрал-жабдықтардың 130 түрінің іске қосылмай тұрғандығын анықтады. Ведомствоның басшысы Салидат Қайырбекованың атап өтуінше, еліміздегі барлық медицина ұйымдарына аталған бағытта арнайы тексеру жұмыстары жүргізілген. «Біздер құрал-жабдықтардың 130 түрі бойынша фактіні анықтадық. Материалдарды Бас прокуратураға жібердік. Біз сатып алынған қымбат құрал- жабдықтардың жұмыс істеп тұрғандығына мүдделіміз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, оның бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, кей жағдайда аталған аппараттармен жұмыс істей алатын мамандар жоқ болса, кейде емделетін науқастардың аз болуына қарамастан қымбат құрал-жабдықтар сатып алынады.

Ал, бұл орын алған проблемаларды жою үшін министрлік медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу жүйесін қайта қалыптастырды. Сонымен қатар медицина ұйымдары бас дәрігерлерінен келген өтінімдердің барлығына да сараптама жүргізіледі.

Автор:
ҚР ДСМ баспасөз қызметі