24 ноября 2013, 12:41 | 1 973 просмотра
Осы аптада Санкт- Пебербург делегациясының сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова мен Санкт- Петербург вице-губернаторы О.А.Казанскаяның кездесуі болып өтті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Санкт- Петербург арасында денсаулық сақтау, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылап, екіжақты ынтымақтастықты арттыруға ниет білдірді.
Тараптар кардиология және кардиохирургия, онкология, ағзалар мен тіндерді трансплантациялау, педиатрия сияқты бағыттар бойынша халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету саласында өзара тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты. Сондай- ақ, медициналық мамандардың біліктілігін арттыру, дипломнан кейінгі білім беру саласында делегациялармен алмасу жоспарланып отыр. Қазақстан мен Санкт-Петербургтің денсаулық сақтау ұйымдары арасында тікелей байланыс дамытылып, дәрілік құралдардың айналымы саласында өзара тиімді серіктестікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Санкт-Петербург Үкіметі арасында денсаулық сақтау және фармацевтикалық өндіріс салаларындағы ынтымақтастық туралы 2014-2019 жылдарға арналған бірлескен жоспар әзірлеу жұмыстары басталады.