Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕКІ МИНИСТР КЕЗДЕСТІ...


24 ноября 2013, 18:40 | 1 415 просмотров



Екі мекеме басшылары денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жөніндегі жоспарлар мен күрделі мәселелерді, сонымен бірге мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы шеңберіндегі әрекеттестікті талқылады.

Кездесу барысында Асқар Жұмағалиев азаматтар ыңғайлығы үшін жүргізуші куәлігін беру және автокөлікті тіркеу/қайтатіркеу қызметтерін көрсететін психикалық-неврологиялық және наркодиспансер қызметкерлерін 4 мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) орнықтыруды ұсынды.

Министр Салидат Қайырбекова тиісті медицина қызметкерлерін 4 мамандырылған

ХҚКО-нда орнықтыруды ұйымдастыру жөніндегі пилоттік жоба идеясын қолдады.

Еске салсақ, қазіргі уақытта мамандырылған ХҚКО Алматы, Қарағанды, Ақтау және Астана қалаларында қызмет істейді. Бизнес-процесстерді және мемлекеттік органдардың дерекқорлар интеграциясы және ақпараттық жүйелерін автоматтандыру арқасында, сонымен бірге жол қозғалысы ережелерін білуіне теориялық және тәжірибелік емтихандарды ХҚКО-нда бірден тапсыру арқасында жүргізуші куәлігін екі сағат аралығында алуға болады.

Медицина қызметкерлерін орталықтың аумағында орнықтыру арқасында азаматтарға жүргізуші қөлігін алу кезінде беретін тиісті анықтамаларды алу үшін арнайы медициналық мекемелерге барудың қажеті жоқ.

Сонымен бірге, кездесу барысында электрондық лицензиялау жүйесі арқылы денсаулық сақтау саласында рұқсат құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жандандыру бітіміне келді.

Автор:
Дуанабай ЖОЛДАСБЕК