Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МСЭҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНА ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАЛДАУЫ


24 ноября 2013, 18:36 | 1 266 просмотров


Талдықорған қаласы бойынша 2013 жылдың 10 айында туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Атап айтқанда жіті ішек жұқпасының, туберкулез, жіті вирусты гепатиттерінің, паразитарлы жұқпалардың төмендеуімен, бруцеллез сырқаттанушылығының жоғарылауымен сипатталады.

1.Туберкулез

Туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайы 2012 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 20 жағдайға төмендеді. 2013 жылы 137 жағдайы тіркелді, соның ішінде МТ (+) 25 жағдай. 2012 жылы 157 жағдай, соның ішінде МТ(+) 33.

Бірінші рет тіркелген туберкулез ауруының ішінде өкпе туберкулезі 111 оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында -5. (2012 жылы өкпе туберкулезі-139, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар-4).

Флюорографиялық тәсілмен 10 айда жоспар бойынша 72552 адам, қамтылғаны 81769 (112,7%) анықталған аурулар 69.

Жалпы туберкулез ауруының төмендеуі байқалғанымен, бүгінгі таңдағы туберкулез індетінің шешілмеген өзекті мәселелері бар:

-Талдықорған қаласында балаларды сауықтыруға арналған санаторлық топ немесе бала бақша ашу мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр. Мектеп жасына дейінгі сауықтыруға жататын 132 баланың бірде біреуі оқшауланып сауықтырылған жоқ.

- ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 67-68 баптарына сәйкес туберкулездің ашық залалды түрімен ауыратын науқастар бірінші кезекте үкімет тарапынан тұрғын үй алуға құқылы, осыған орай қалада 1науқас пәтерге мұқтаж, бірақ пәтер бөлу мәселесі де шешілмей отыр.

Туберкулез ауруының алдын алу шараларын, бұйрықтардың талаптарын орындау барысында 25 тексерілу жүргізіліп, бұзушылыққа қарсы барлығы 43 айыппұл салынды. Барлығы туберкулез ауруының алдын алуда 5 семинар сабақ өткізіліп, онда 27 дәрігер мен 36 орта буынды мед.бикелер қамтылды. Қала халықтары арысында 24 дәріс, 270 әңгімелер жүргізілді, бұқаралық ақпарат құралдарына 4 мақала жарияланды, 80 санитарлық бюллетень шығарылды, мектептерде, мекемелерде 54 денсаулық бұрышы ұйымдастырылды, туберкулез ауруының алдын алуда оқу орындарында 6 ролик көрсетілді, оқушылар арасында туберкулез ауруының алдын алуда диктанттар жазылды.

2. Бруцеллез

Талдықорған қаласы бойынша 2013 жылынын 10 айына бруцеллез ауруының 47 жағдай (2012ж-35 жағдай) 39 ошақта тіркелді, оның ішіде балалар арасында 5 жағдай тіркелді (10,6%). Атқарылып жатқан шараларға қарамастан, бруцеллез ауруы қала және қала аймақтарында жыл сайын тіркеліп, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 12 жағдайға артып отыр.

Қәзіргі таңда мүгедектікке алып келетін бруцеллез ауруының адамдар арасында өсуі, жануарлар арасында да аурушандықтықтың жоғарылап, қоздырғыш көздерінің көбеюі болып табылады.

2013 жылдың ветеринарлық мекемесімен берілген мәлімет бойынша бруцеллезге жоспар бойынша серологиялық жолмен тексерілген малдың (ірі қара, ұсақ мүйізді мал) «оң» нәтиже көрсеткені анықталған жоқ. Осы кезде «Адамдар қайдан жұқтырып жатыр?» - деген сұрақ туындайды.

Адам арасында бруцеллез ауруы өскеніне қарай, және де осы ошақтарда жылдан жылға адамдардан бруцеллез ауруы шыққанына қарай, мал арасында бруцеллез жұқпасының анықталмағаны, дезинфекция шаралары нақты жүргізілуі күдік тұғызады!

Тағыда бруцеллез аурушандығының көбеюіне ықпалын тигізіп жатқан жағдай, ет, сүт, сүт өнімдерін, қәуап, бәліш сататын бейберекет сауда орындары болып табылады. Осындай тағамдарды қолданып, бруцеллез ауруына душар болған 17 адам анықталып отыр. (41%). Бұл жағдайда, жануарлар арасында бруцеллез жұқпасының өршіп отырғанын дәлелдейді.Яғни, бруцеллездің алдын алудағы ең тиімді шара тек қана ауру малдарды анықтап, жою және малдар арасында аурушандықты болдырмау.

Бруцеллез ауруының алдын алу шараларын, бұйрықтардың талаптарын орындау барысында барлық ошақтарда тексерілу жүргізіліп, бұзушылыққа қарсы барлығы 23 айыппұл салынды. Жоғары қөрсетілген мәселелер бойынша қалалық әкімдікке- 6 мәлімет берілді, Емдеу алдын алу ұйымдарына 41 қаулы берілді. Медициналық қызметкерлер арасында 2 семинарлық сабақ жүргізіліп. Жергілікті газетке бруцеллез алдын алу туралы 8 мақала жарияланып, теледидар арқылы сұхбат берілді, радиода сөз сөйлеу-9, 32 дәріс оқылды.

Қала бойынша санитарлық тазалық көктемгі айлық басталғаннан бері үзіліссіз жүргізілуде. МСЭҚБ қызметкерлері өзінің бұйрығы бойынша 37 қызметкерлер қала көшелерін тазалығын жүргізілуіне, іс шаралардың атқарылуына жауапты болып бекітілді. Осы мерзімде қала көшелері 6 қайтара тексерілді, қызметкерлер үй елеріне және мектептерге, сауда мекемелеріне басқа да мекемелерге 2800 ескертпе қағаздары таратылды.

Жалпы мамандармен 38 көше, 325 мекеме, 2603 үй жайлар тексерістен өтті.

Сонымен қатар «Самал», «Мир», «Наз», «Балхаш», «Қарлығаш», «Катюша», «Эльдар», «Жаңа-жол», «Анастасия», «Жанар», «Южный», «Арна-Н», «Очаг», «Росток», «Центр», үй-жай кооперативтері тексеріліп, ескертпелер жасалынды.

Кооперативтер бойынша анықталған кемшіліктер бойынша кооператив иелеріне әкімшілік құқық бұзушылығы туралы кодекске сәйкес 136749 тенге көлемінде айыппұл салынды. Бұл жұмыс әрі жалғасуда. Қаладағы тұрғын үй кооперативтері толықтай тексеруімен қамтылады.

Айлық барысында жауапты адамдарға 90 хаттама тапсырылып ескертулер жасалынды. Газет беттерінде 4 мақала жарияланды. Жұмыстар әлі жалғасуда.

Бейберекет сауда орындарын жою мақсатында тағам өнімдерін дайындайтын және тарататын заңсыз жұмыс істеп жатқан киоскілер иелері сотқа беріліп, Алматы облысының ауданаралық экономикалық сот шешімімен бүгінгі таңда 16 нысананың жұмысы тоқтатылды. Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылық танытқан жауапты тұлғаларға 304656 теңге көлемінде 39 айыппұл салынды.

Жалпы басқарма бойынша келесі санитарлық ағарту және әкімшілік жаза қолданужұмыстары жүргізілді:

Автор:
Е. ӘСЕМҚҰЛОВ, Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы