Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӨКІНІШКЕ ОРАЙ «ҮШІНШІ ОРЫНДАМЫЗ»


17 ноября 2013, 07:46 | 4 041 просмотр



Елімізде жазатайым оқиғалардан, жарақат алу мен уланудан болатын өлім-жітім үшінші орында тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, осы себептерден болатын өлім-жітімнің жоғары көрсеткіші Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында байқалуда.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жол- көлік оқиғаларынан жарақат алу салдарынан мерт болған әр адамға аурухана жатқызылған 23 адамнан және медициналық көмек сұраған 112 адамнан келеді. ЖКО-дан зардап шеккендердің 3 пайызы өмір бойы мүгедек болып қалады», - деп атап өтті министр.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі