Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛКОГОЛИЗМ – ДЕРТ!


28 января 2010, 23:10 | 2 826 просмотров



Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) берген деректеріне жүгінсек аурулардың орын алу себептерінің 12,8 пайызы ішімдік ішуден болған екен.

Әлбетте алкоголь қайғылы оқиғалардың орын алуына сондай-ақ, өмір сүру көрсеткіштерінің төмендеуіне қатты әсер ететіндігі белгілі.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ішімдікке қарсы күрестің бұқаралылығын арттыру тиімділігін алға тартады. Бұл шара денсаулық сақтау орындарымен қатар, әлеуметтік және қаржылық қызмет үлгісінде жүргізілсе өз нәтижесін береді деген болжам жасайды беделді ұйым.

Еліміз Денсаулық сақтау Министрлігі салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығы жүргізген кең көлемді ұлттық зерттеулері көрсеткеніндей 2007 жылы Қазақстанда алкогольдің таралуы мен оған тәуелділердің сандық көрсеткіші шамаман 35,8 пайызды құраған.

Бүгінгі таңда бұл бағытта халыққа емдеу - профилактикалық көмек жасауда 600 – ден астам наркологтар жұмыс жасауда.

Алкогольге тәуелділер санын күрт азайту мақсатында кризистік орталықтардың қызметі өзіндік роль атқарады. Бұларда психологиялық жәрдем көрсетумен қатар, тәуліктік сенім телефондары да жұмыс жасайды.

Алкогольге қарсы күрестің тағы бір үлгісі қоғымдық ұйымдардың атқарып жатқан шараларына да қатысты. Өткен жылы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында 300-ден астам мақала жарияланды, 175 телехабар берілді, қоғамдық ұйымдары өкілдері бұқара алдында 34100 лекция оқыды. Тұрғындар арасында алкогольдің зияны, одан қалай емделу жайынан хабар беретін ақпараттық – танымдық материалдар таратылды.

«2008 – 2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру мақсатына өткен жылы бюджеттен 46966,5 мың теңге қарастырылыпты. Ал биылдыққа бөлінген қаражат бұдан қомақтырақ болса керек.

Автор:
Ғаламтордан әзірлеген Ырыс АҚАДЫҚ К.Р.А.