Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МӘЖБҮРЛІ ТҮРДЕ ЕМДЕЛУГЕ БЕРІЛЕДІ


10 ноября 2013, 07:25 | 1 649 просмотров



Спикер Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Құжатқа сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің бірінің есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекет жасаған азаматтарды, сонымен қатар, уағдаласушы тараптың аумағында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бар азаматтарды емдеуден өткізу көзделеді. Сонымен бірге, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде, егер ол өз ойын еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда оның заңды өкілінің келісімі алынған адамдарды мәжбүрлеп өткізу үшін емдеуге беру қарастырылады. Бұл ретте конвенция адамдарды мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін жүгіну тәртібін және беру тәртібін белгілейді.

Тоқтала кететін жайт, қазіргі уақытта ТМД аясындағы бірқатар мемлекеттер Конвенцияның қатысушылары болып табылады. Конвенцияны қабылдау ТМД мемлекеттерінің осы саладағы тиімді ынтымақтастығын жүзеге асыру үшін қажетті халықаралық құқықтық негіз қалайды және мәжбүрлеп емделуде жүрген адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірге оралуына жәрдемдеседі.

Конвенция 1997 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында жасалған.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ