Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТУБЕРКУЛЕЗ - ЖАЗЫЛАТЫН АУРУ


10 ноября 2013, 13:13 | 1 783 просмотра


Туберкулез – кең тараған жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі. Ауру адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болады. Ауруды қоздырғыш бұл микробтар сыртқы ортаға өте төзімді. Туберкулезге өкпе жиі шалдығады, сирек туберкулезге ми, ми қабықшасы, сүйек, буын, лимфа бездері, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа да ағзалар мен мүшелер шалдығады. Айта келе, туберкулез бактериясына толығымен төтеп бере алатын адам ағзасың табу мүмкін емес. Туберкулез жұқпасының басты көзі туберкулез науқасы.

Жуғу жолдары:

- тамшыдан (сөйлегенде, жөтелгенде);

- қатнас арқылы (төсек-орын, орамал, ыдыс арқылы кейде қол алысқан жағдайда);

- шаң – тозаң;

- тамақ арқылы (ауру малдың сүті, еті арқылы)

Туберклезді қоздыратын таяқшалар барлық жерде бар, бірақ барлық адам ауырмайды. Ол ауруға шалдығуға әлсіз иммунитет, жеткіліксіз жүйесіз тамақтану, ішімдік ішу және шылым шегу, әлеументтік нашар жағдай, кейде қандай да болмасын созылмалы аурумен ауыру әсер етуі мүмкін.

Осындай белгілердің түгел болмаса да бір-екеуі білінген жағдайда міндетті түрде тексерілу керек.

Туберкулезді анықтаудың ең сенімді әрі тиімді тәсілі - туберкулез таяқшаларын қақырықты микроскопиялық тексеру арқылы анықтау. Ауруды рентген арқылы және Манту сынамасы арқылы да анықтауға болады.

Туберкулезді емдеу тегін. Үйде біреу аурған жағдайда ауруға жеке бөлме немесе бөлменің бір бөлігін болу керек. Отбасының мүшелері сақ болуы керек, алайда бұл науқаспен жанасқанның бәрі қорқуы керек деген сөз емес. Гигиеналық ережелерді сақтағанда айналадағыларға қауіп жоқ. Науқас адамға жанұя мүшелерінің, жұмыс орындағылардың көмегі өте қажет. Отбасы мүшелері науқастың дәрісін уақытылы ішуін қадағалауы керек. Өйткені туберкулез таяқшалары дәріге үйреніп (дәріге төзімді) кетеді де ем қонбайды. Сонымен бірге айналадағыларға сондай түрін жұқтырады.

Туберкулездің емі 2 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – қарқынды емдеу, екінші – демеуші кезең. Емделудің ұзақтығы ең кемі 6 ай.

Туберкулез - әлеуметтік және жалпы медициналық мәселе, сондықтап туберкулездің алдына алу екі бағытта жүргізіледі: арнайы, яғни ауру қаздырғышына бағытаталған: санитарлы - сау адамдардың ауруға шалдығуының алдын алуға бағытталған.

Арнайы алдына алу - вакцинация жасау, БЦЖ перзетханада жасалады, үйткені бала ауруды туа қабылдайды бірақ туберкулезге қарсы иммунитет тұрақты емес сондықтан БЦЖ егу қайталанады.

Салауатты өмір салтын сақтау туберкулез ауруына шалдықпауға, шалдыққан күнде оны жеңуге және аурудың қайталанбауына апараттын дұрыс жол.

Қазіргі кезеңде біздің елімізде ДОТS – стратегиясы қолданылады. Бұл стратегия туберклездің жұқпалы түрлерін анықтауға, емдеуге, сау адамдарды туберкулезден қорғауға арналған. Туберкулезден айығуға болады.

Жанұяда науқас анықталған жағдайда залалсыздандыру шаралары жүргізіледі, залалсыздандырғыш заттар қолданылады.

Біз демалатын ауа бәрімізге ортақ сондықтан туберкулезбен күресу де бәрімізге ортақ.

Автор:
Б.Ж ИМАНКУЛОВА туберкулезге қарсы ауруханасының физиотпедиатры, Жаркент қаласы