Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕКІ ЖАҚҚА ДА ТИІМДІ БОЛМАҚ


28 января 2010, 23:07 | 2 086 просмотров


Жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы атынан аталған палатаның төрағасы Азат Перуашев және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау Комитеті атынан аталмыш Комитеттің төрағасы Кеңес Оспанов халықтың санитарлық – эпидемиологиялық әл-ауқатын жақсарту жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы денсаулық Министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитеті тарапынан 2010 жылғы жоспарлы тексерулердің кестесі бекітіліп, онда қаралатын мәселелер пысықталған болатын.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау нысандарын эпидемиологиялық мақсатына қарай жоспарлы тексерістер төменде көрсетілген кесте бойынша жүзе ге асырылмақ:

-жоғары қауіптілік мөлшерлігіне қатысты нысандар – айына бір рет;

-орташа қауіптілік мөлшерлігіне қатысты нысандар – бір тоқсанда бір рет;

-төменгі қауіптілік мөлшерлігіне қатысты нысандар - жылына бір рет тексерілетін болды.

Бұл шаралар шағын және жеке кәсіпкерлік нысандарын мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық мекемелер органдарының қызметін реттеу мақсатында жасалып отыр.

Меморандумда атап көрсетілгендей, шағын кәсіпкерлік жұмысын мемлекет тарапынан реттеудің негізгі принципі кәсіпкерлік субъектілерінің құқы мен міндеттерін сақтау болып табылады. Сондай – ақ екі жақты қарым-қатынасты түсіністік принципте жүргізіп, қабылданып жатқан шаралар турасында мөлдір ақпарат беріп, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру болып табылады делінген қабылданған құжатта.

Автор:
Өз тілшіміз