Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ


3 ноября 2013, 07:53 | 1 986 просмотров



2013 жылғы 6-7 қарашада Алматы қаласында Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы/ Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді.

Алқалы жиынға әлемнің 70- ке тарта мемлекетінен мамандар келеді. Олардың қатарында: ДДҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб, ДДҰ 5 өңірлік кеңселерінің директорлары, ЮНИСЕФ штаб-пәтерінің директоры Ник Алируль, денсаулық сақтау министрлері, Азия даму банкі, Орталық Азиядағы ғаламдық денсаулықты зерттеу орталығы, Орталық Азиядағы АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы және т.б. ұйымдардың жалпы саны 500-ден астам өкілі қатысады.

Осыдан 35 жыл бұрын алғаш рет әлемнің 157 мемлекеті Алматы декларациясын қабылдап, МСАК дамытуға басымдық беріп, бүкіл әлемнің денсаулық сақтау жүйесі үшін басты бағыт етіп айқындады. Тұңғыш рет МСАК және оның басты қағидалары мен даму элементтері анықталды.

Алматы декларациясына сәйкес МСАК дамуының басты қағидалары: тұрғындардың қатысуы; денсаулық сақтаудың тиісті технологиялары; сектораралық өзара іс-әрекеттестік.

Конференция өзара тәжірибе алмасуға, медициналық-санитариялық алғашқы жәрдемнің жаңа инновациялық жолдарын қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін жақсартуға, мейіргерлердің рөлін күшейту, халық денсаулығына әсер ететін өзге де секторларды тарту, инновациялық технологиялар мен МСАК қызметін компьютрлендіру бойынша әрі қарайғы ұсынымдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Автор:
ҚазАқпарат