Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҰМЫТЫЛМАС АЛТЫН ҚАЗЫНА


28 января 2010, 22:59 | 6 742 просмотра



Отау көтеру

БЕТАШАР

Беташар (дәстүр). – «Уа, әлеумет! Енді беташар тыңдайық !» (Той кітабынан). Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс-туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында есік көрген келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын ән-жырды желдірте, көнілді көтере жыр төгуі керек.

Келін келді көріңіз,

Көрімдігін беріңіз.

Анау-мынау демеңіз,

Түсін айтып қойыңыз,-

Деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл-қалжыңдарын араластыра «көрімдік»сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарқ қылады. «Бешатар» тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі.

***

Бие қысырамас

Бие қысырамас (ырым). Жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кейін енесі келіп, келіннің бетінен тағы сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған әйелдердің ортасына «биелерің қысыр қалмасын» деп ақ мата тастайды. Бұл «бие қысырамас» деген кәде. Әйелдер бұл матаны жыртып, бөліп алып үйлеріндегі сабаның аузына «бием қысыр қалмасын, біссімілда» деп байлайды. Бұл кәде бәріне де жетуі керек. Жетпей қалғандардың өкпелеуге хақы жоқ. Соңғы жылдары халқымыздың мал шаруашылығынан қол үзе бастауына сәйкес бұл ырым ұмытылып бара жатыр.

Мұндай жақсы салттардың ұмытылуы әрине, жақсылық емес.

***

После традиционнго «беташар» к невесте подходит свекровь (ене), целует свою молодую сноху и высказывает ей самые наилучшие пожелания; затем подает присутствующим женщинам белую ткань. Женщины делят между собой ткань поровну и дома обвязывают этой тканью «саба»- сосуд (бурдюк) для взбалтывания и хранения кумыса и шубата. Буквальное значение обряда «бие қысырамас» - пусть кобыла не останется яловой, даст приплод. Вместе с тем этот обычай несет в себе еще более глубокий смысл.

Күйеуаяқ

Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалындығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата-енесі күйеу баласына ірі мал атайды.Мұны «күйеуаяқ»дейді.

***

Подарок зятю. Мать девушки после шумной, веселой свадьбы через некоторое время заявляет, что хочет возвратиться домой. Зять должен в знак уважения сам отвезти тещу. По прибытии матери домой родители молодой дарят своему зятю положенный ему «күйеуаяқ» (к примеру, лошадь, верблюда и т. п.).

ТӘРБИЕ ДӘСТҮРЛЕРІ

Ашамайға мінгізу

Ашамайға мінгізу (салт). Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көнілін өсіреді,басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі – осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:

Ал ақ тілек, ақ тілек

Атқа тоқым сал білек,

Атқа да жақсы шаба біл,

Жасыңнан малды баға біл,

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл,

Атқа міндің, ақ жол болсын-

деп бата береді. Аяғы шағын тойға ұласады.

***

Этот торжественный обряд имеет огромное воспитательное значение и знаменует собой новый этап в жизни мальчика. В возрасте 6-7 лет ему дарят коня, торжественно вкладывают в руки камчу и сажают на оседланногоукращенного коня, првозглашая, что отныне он жигит.Это возвышает ребенка, у него появляется чувство ответственности. Заодно ребенка пробщают к труду. В торжественный момент «Ашамайға мінгізу» дедушка ребенка благословляет внука, а бабушка радостно осыпает его «шашу». Дети постарше устраивают байгу, а взрослые – небольшой той.

Жеті ата

Жеті ата (дәстүр). Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Қазір де солай. Оның себесі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.

Жеті ата әкеден төмен емес,жоғары таратылады. Оның дәлелі: «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан әрі білу үшін адам 100 жылдан астама өмір сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?

Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.(Ата-тек деген сөз осыдан шыққан сөз). («Жеті қазына» 34 бет. 2001 ж.). Мысалы осы кітапта жазушы өз жеті атасын былай таратады: Сейіт-Кенжеахмет-Құтыгелді-Нұрет-Байтоғай-Аманбай-Дербісәлі-Солтан (жетінші ата) Таңғұлы-Жылқайдар (ру аты, ол Арғынға жатады). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

***

Семь поколений. Понятие «родственник» казахи толкуют очень широко. Все потомки одного деда до седьмого колена считаются близкими родственниками. А поэтому древний обычай требует знать своих предков и запрещает браки внутри своего рода.

Көгентүп (Көгендік)

Көгентүп (салт). Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал: (қозы,қой, бұзау, құлын,тай,бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, куаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де борлады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүргені жақсы, жарасымды салттарының бірі.

***

Көгентүп – обычай. Если в гости приезжает родственник или хороший знакомый с ребенком,то хозяин дома в знак уважения и любви дарит ребенку живую игрушку – теленка, жеребенка или ягненка. «Көгентүп» - обычай, прививающий детям родственные чувства.

ОТБАСЫ, ТҰРМЫС

Бата

Бата (бата беру, бата алу), (дәстүр), «Батамен ер көгерер» (мақал). Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез кезген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.

1.Жас талапкерге бата. «Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты». Бұл ерлік,өнер,өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Қаракерей Сқыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:

Белбеуің белдеуінде байлаулы болсын,

Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.

Есігің ашық болсын:

Қабағың жазық болсын.

Сонда ағайының кетпес қасыңнан.

Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,

Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан.

Мұндай баталар талапты, халық сүйген, ер азаматтарға ғана берілген.

2.Дастарқанға бата.

Дастарқаның мол болсын,

Абыройың зор болсын

(Ақ бата)

Батаның екінші түрі дастарқанға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе шешен, өткір тілді адамдар бата арысында сол үйдің сарандығын да қосып айтып жіберетіндер болған.

3.Алғыс батасы.

Бақ берсін, бас берсін.

Өміріңе ұзақ жас берсін!

(Ақ бата)

Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер » деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше, бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны құрметті, елге сыйлы адамдар береді.

4. Жаңа айдың батасы.

Ай көрдім аман көрдім,

Ақиреттік заман көрдім.

Жаңа айда – жарылқа,

Ескі айда - есірке (бата).

Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап, бет сипайды. Бұл – діншілдік немесе соқыр сенім емес, ол адамдардың табиғатқа, құбылысқа, ауа райына байланысты таным, түсінігі. Айдың тууына және жатысына қарап жұлдызшылар ауа райын, болашақты болжап отырға.

5. Наурыз батасы.

Наурыз бата («Жеті қазына» кітабынан). Ұлыстың ұлы күнінде «наурыз көжеге» шақырғандарға, «Наурызнама» тойын өткізіп халықты риза қылған адамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайып бата береді.

Бұл бата жалпы көпшілікке де бағышталады. Талапкер жастар Наурыз күні дуалы ауыздың уыз батасын алуға тырысады. Наурыз батасының орны ерекше.

***

«Бата» - Благословление, благопожеание. Это особый вид молитвы, когда произносящий прсит присутствующим милости от Всевышнего. Благословениепроизносят обыкновенно самые старшие аксакалы. Виды «бата» разнообразны:

-Благословение перед дальней дорогой, перед большими испытаниями. В свое время Кошкарулы Жанибека благославлял Каракерей Сокыр Абыз;

-в Торгайской области (ныне Костанайской) Амангельдинском районе в селе Кабырга в семье Айнагуль и Сактапберген Кенжеахметовых родился мальчик, которому дали имя Сеит. В 1994 году, когда он пошел в 1-й класс, на той пригласили писателя Сеита Кенжеахметова (автора этих строк) и попросили «бата» для ребенка.

-«дастархан бата» - проявление благодарности за угощение, за гостепримство.

-«Алғыс бата» дается за благотворительность, за доброту. «Бата» воспитывает доброту, милосердие, гуманность. Для него специально слагали стихи, песни. Слова назидания говорят, держа ладони раскрытыми, а затем проводят ими по лицу. «Бата» всегда дают уважаемые, почтенные аксакалы.

-«жаңа айдың батасы» - благословление новому месяцу. Это не религиозный обряд, это преклонение перед природой. Наши предки могли по расположению звезд и луны предсказать погоду.

Теріс бата

Теріс бата. Бұл – бата деп аталғаны болмаса қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. «Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Бұл теріс батаның, қарғыс батаның белгісі» (М. Әуезов). Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкенің қолын теріс жайып берген қарғыс батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс батасын алғандарды халықта жек көрген.

***

Хотя оно и носит название «бата», это один из видов сильного порицания – проклятие. «Теріс бата» могли высказать отцы детям, не оправдавшим их доверия или опозорившим родителей. Руки держали тыльной стороной перед лицом и произносили слова проклятия. Оно ложилось черным пятном и на последующие поколения проклятых. Таких людей сторонились и не любили.

Автор:
«Қазақтың салт - дәстүрлері» кітабынан