Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МАЙОНЕЗ


28 января 2010, 22:57 | 1 993 просмотра



Рәшила қомағай екенін осы уақытқа дейін өзі байқамай келіпті. Тіпті қанша адаммен дәмдес болып жүріп, дел осы көрші құрбыларындай әлі ешкім бетіне «сен сондайсың» дап айтқан емес. Мүмкін ол бар өмірі ауыл ішінде өткендіктен шығар?

Енді шүкір, бойжеткен болды. Кішігірім бір қаланың маңдайалды оқу орнының білдей студенті. Жадыра құрбысының сөзіне құлақ салса, жалпы деннің саулығы үшін-ақ адам баласы тамақты тарта, шамамен ішу керек дейді. Ал, қыздарға қомағайлық жараспайды екен. Құдай берген мінезі шығар, әйтпесе Рәшила осылай болайын деп болды дейсің бе?

Рәбиғаның да ойлап таппайтыны жоқ. Жанына тиіп Рәшила атыңды қойып сені енді жұрт көзінше «қомағай» дейміз, мүмкін сонда түзелерсің, - дейді. Айтса айта салады ол. Қашанғы өз үлесін бұған жегізіп қойып аштан-аш жүре берсін үндемей?

Құрбыларымен оқығалы бір пәтерде. Бір-бірінің қыр-сырын әбден зерттеп бітті. О баста Рәбиға ұшқалақ, жеңілтек еді; ал Жадыра керісінше ұяң, бұйығы, екеуі де сылбыр, қазақтың қарабайыр қыздары болатын. Бір жыл аз уақыт па? Рәшиланың әу бастан олардан артықшылығы — өзін күтіп ұстайтындығы. Желкесін ғана жапқан қара шашын күнде жатар алдында бигудиге ықтиаттап орайды, сан темір басын ауыртса да қатты ұйықтап кеткенше шыдап бағады.

Сара Сәлімова - 1972 жылы Талғар қаласындағы медицина училищесінің фельдшер емдеуші бөлімін бітірген. Сол жылы еңбек жолын Жезқазған облысындағы емдеу мекемесінде бастаған. 1974 жылдан 1986 жылдар аралығында Талғар қаласындағы туберкулезге қарсы диспансерде әр саладағы медицина қызметтерін атқарды.

12 жастан қолына қалам алған Сара Сәлімқызы аудандық басылымдарда өлеңдерін, шағын әңгіме-очерктерін жариялай бастайды.

Ақын апайымыз биыл өзінің «Балауса бал сезім» атты жыр жинағын бастыруды жоспарлап қойыпты. Сара Сәлімқызы бүгінде Талдықорған медицина коледжінің денсаулық сақтау қосынының меңгерушісі қызметін атқарады.

Бүгін біз Сара апайдың романтика толы студенттік жылдары жазған бір әзіл әңгімесін жариялап отырмыз.

Енді сол оңды-солды құрбылары бүгінде сымбат жағынан әжептеуір «қыналып» өзімен тең түсті десе де болғандай. Жадыра ұяңдығынан көп ашылды. Кіп-кішкентай болып әлі өзінен үш жас үлкен Рәшиләмен қай тақырыпта да таласқа түсетінін қайтерсің?! Әдемілігі, шапшаңдығы, ұқыптылығы жағынан таразының басын бермейтін Рәшиле «қомағайлығын» көлденең тартқанда ыршып «нөлге» түсетіні жаман.

Лекциядан шаршап келгендері сол болатын, үйде шай ішерге нан жоқ? Стипендияга дейін қалған соңғы тиын-тебенді жиыстырып екі қыз:

- Біз сүйретіліп жетіп, ширатылып қайтқанша сенің шайың тұрғай картобың столда дайын тұрары анық. Реке ,сен іске кіріс, біз жөнелейік, — деді шығуға ыңғайланып. Рәшила келісе қоймады. Тамақ пісірерде шыдамсыздығынан өзі жаман үйретіп алған ана екеуін. Және олар да әбден иек сүйеп алған. Рәшила примус жанбай қалады, не, асқан тамақ шикі болады. Аз әурешіліктен соң-ақ қыздар үй шаруасын ыңғайларына бөлісіп алған. Үнемі тамак пісіру үлесіне тиетіндіктен ашқарақ Рәшилә ас дастарханға жеткенше бір тойса басында «үлесім» деп екі жейтін.

- Қашанғы мен керасінге қақала бермекпін, ботқа пісірсеңдер де сендер істендер, мен дүкенге барайын, - деп алдыға түсті. Ылдым-жылдым бара салып қайтқан. Келе қыздардың шолаңда примусты тұтата алмай әлекке түсіп жатқанын көрді: «Е-ежатып ішер қос жалқау, мен аш қалмаспын, сендер бірдеңе пісіргенше», - деп көп ойланбастан алып келген банкасының темір қақпағын ашты. Дереу нанға жағып та, қасықпан де алып апыл-ғұпыл жей бастады. Ә дегенде қаймақ болар деп жорамалдаған, бірақ дәмі өзгеше: борсыған ба, күңсіген бе, жағымсыз иіс қол-

қасын атып барады. Туғалы мұндай қаймақ жеп тұрғаны осы. іле жүрегі лоблып далаға жүгірді. Ал кел лақылдатсын-ай, Не болғанын түсінбеген Жадыра мен Рәбиға шоланнан жүгіре шықты қолдары күйе-күйе боп.

Рәшиләнің түсіндіруге шамасы келер емес, әлі лоқсуда. Қандай пәленің болса да қу тамақтан келгенін жорамалдаған екеуі сол арада үйге кіріп кетті. Үлкен мазақтың көкесін, іші айтпай-ақ сезген Рәшилада осы сәт көзінен жасы ағып, асқазан тұсынан алақанымен басып үйге кірген еді.Шектері қата күлген екеуі мәз-мәйрам. «М...Ммайо...ннез.... Майонез...зз жжегенің не енді, Реке-ау!- деуге тілдері әрең келді. Майонездің не екенін білмек тұрғай естіп тұрғаны осы Рәшиләнің не күлерін, не жыларын білмеді. Ұялғаны бар, қысыл-

ғаны бар терлеп те кетті. Сол қырсыққаннан примус жанбады. Рәшила біртүрлі денесі қызып ауырып қалды. Екі қыз ішектері қатып жүріп құр шайды ішкен болған. Сөйтіп, кешкі ауқаттың да мезгілі таяп қалған. Қас кылғандай кұрбы жігіттер келе қалар ма қонақ боп?

Ауырдым деп жатқан Рәшилада ес қалмады. «Ұшқалақ Рәбиға жігіттерге айтып салар ма екен болған жайды?» - деп орнынан ұшып тұрып, жаутаң-жаутаң құрбыларына қарайды. Мана күлгендеріне ашуы ұстап «Аштан қатпасаңдар, одан әрі» дегендей шолаң жаққа аяғын аттап баспай қойған еді, енді сол кінәсін жуып-шаймаққа ыңғайланып тұрғаны.

- Майонез, картоп аршысып жіберейін бе? - деді Жадыра езуіндегі төгілуге шақ түрған күлкісін әзер тежеп.

Рәшила болса, Жадыраның білегінен шымшып алды да, шолаңға қарай жүгіре басып шығып кетті.

Автор:
Сара Сәлімова, Талдықорған мед. колледжінің қызметкері