Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

САБЫРЛЫЛЫҚТЫ СЕРІК ЕТКЕН СОФИ


28 января 2010, 22:45 | 1 950 просмотров



Маған американдықтардың: «Сабырлылық, тек қана сабырлылық» деген мәтелі ұнайды», - деп еске алады Софи Лорен. –Мен мұны мықтап түйіп алдым. Өйткені мен табиғатымда тым қызуқанды адаммын.

Әу баста киноға енді түсе бастағанда, ең бір тамаша рольді берсе екен деп жұлынып тұрған кезімде-ақ мені күйеуім Карло төзімді де сабырлы болуға үйреткен-ді. Ол «сабырлылық, тек сабырлылық» дегенді «бес минут күте тұр» дейтін. Шынында да мен бұрын-

ғымнан әлдеқайда сабырлы болып алдым, бес минут күте тұра алатын шамам бар. Осы қасиетім менің өміріме көп өзгеріс алып келді.

***

Егер сіз ішкі жан дүниеңізді сабырлылыққа «шақырғыңыз» келсе мен сізге жалғыздан-жалғыз оңаша отырып ойланудың ләззатын татып үйреніңіз деп кеңес Берген болар едім. Ешкімнің зорлығынсыз өзің таңдап алған оңашалық дегеніңіз – нағыз ләззаттың өзі ғой. Сіздің ойыңызды ешкім білмейді, ол өз ырқымен емін-еркін суситын болады. Өзіңіздің жақыныңызды мазалап жүрген көптеген мәселелердің басын ашып ала аласыз. Мен өзімнің тәуір одақтасым – тек қана өзім екендігін әлдеқашан білгенмін. Оңаша қалғанымда жүремін, оқимын, музыка тыңдаймын, сөйтіп бұл сәтті қайтадан өзімді қалпыма келтіруге пайдаланамын. Кейде мен қолыма шүберек аламын да пәтерімді тазалауға кірісіп кетемін. Үй шаруасындағы әйел менің мұнымды өз ісіме әлі де жауапкершілікпен мұқият қарай түсуге қайрайды дейді. Ал менің мақсатым бар болғаны үй шаруасына берілу арқылы өзгелерді ұмыту. Бұл – мен үшін нағыз демалыс. Абыр – сабырға толы жұмыс күнінің арасынан жырып алған оңаша бір минуттарыңыз бас айналдырарлық сол табыстардың ішінен өз үніңді естіп, сараптауға мүмкіндік береді.