Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тыныс жүйесі және сумен шайыну


28 января 2010, 22:44 | 2 739 просмотров



Тыныс алу жөнінде Бутейко және Стрельникованың бірнеше зерттеулері бар. Соның бірін мен 1987 жылы Семей қаласында журналистердің білімін көтеру курсында оқып жүргенде білдім. Соның ұсынысы бойынша тыныс алуды үйрендім.Ол былай еді, ерекшелігі неде деген де сұрақ туындауы мүмкін.

Бір шегініс. Медицина институтын тәмәмдеп келген Бутейко Сібрдің бір қаласындағы емдеу мекемесіне жұмысқа қабылданады. Кезекшілікте тұрған кезінде түнгі уақытта бір науқастың палатадан шығып, үлкен дәліздің бір бұрышына отырып алып, ауыр тыныстағанын көреді. Әлгінің немен ауыратымен танысады. Диагнозы бронх астмасы екен. Науқасты ол тағы бірнеше күн сыртай бақылайды. Содан соң оны жұмыс кабинетіне шақыртып алып, жайлы орындыққа отырғызады.

Енді бұл науқасты емдеу тәсілі жайына тоқталайық. Жайланып отырған науқастық екі қолын үстелге қойғызады. Денесін тік ұстатқызады. Ішпен емес, өкпемен тыныстау керектігін айтады. Науқас солай жасайды. Бір ерекшелігі ауаны өкпеде неғұрлым көп ұстау қажет. Бірақ, науқас ауаны небәрі 10-15 секунд ұстауға шамасы келеді. Бұл әрине, өте аз. Дені сау адам ауаны 45 секундтан 1 минутқа дейін ұстай алады.

Дәрігер сол күннен бастап әлгі науқасты жеке өзі қарап, өзі ұсынған тәсіл негізінде емдеуді жалғастыра береді. Арада 10-15

күн өткен соң әлгі адам ауаны 45 секунд, таңы бірер уақыттан соң одан да көп ұстау мүмкінлігіне ие болады. Өзін жақсы сезіне бастайды.

Өкпемен кең тыныстау не береді? Ауа неғұрлым өпеде көп уақыт болса, адамның ағзасы соғұрлым қажетінше таза ауа алу мүмкіндігіне ие болады екен. Яғни қан айналымы жақсарып, тыныс алу жүйесінің жұмысы қалыпты деңгейде болады.

Бұл тәсілді күнделікті ас ішер алдында бір-екі рет қайталаса болғаны. Еш қиындығы жоқ. Тіпті, жұмысыңызда шаршағандығыңызды байқасаңыз, орныңызда отырып, денеңізді тік ұстап, қолыңызды үстелге жайғастырып, өкпеңізбен кең тыныстаңыз. Ауаны шамаңызға қарай көп ұстауға тырысыңыз. Өзіңізді қинамаңыз. Осылайша екі-үш рет қайталасаңыз болғаны. Шаршағаныңызды ұмытасыз.

Бір айта кетерлігі тыныс алу турасындағы Бутейконың бұл амалы кезінде Сібір және Қазақстанның Шығысында кеңінен тараған-ды.

Дей тұрсақ та кезінде бұл тәсіл біреуге жақса, ал енді біреу өз денсайлығын қалпында ұстау мүмкіндігіне ие болған көрінеді. Тағы бір еске сала кетерлігі кең тыныс алу тәсілінің тиімділігі көптің күткеніндей емес деген тұжырым да жоқ емес. Егер осы жаттығу өзіңізге жағатындай әсер қалдырса, оны машықтану жаттығулары ретенде анда-санда қолдануға да әбден болады.

Бүгінгі таңда Порфирий Иванов қалдырған пайдалы кеңестер өзінің қажеттілігін жоғалта қойған жоқ. Көп ретте дәрігерлер науқастарға екі шелек суық сумен шайыну тәсілін ұсынып жатады. Кей кездері оқырмандар міндетті түрде далаға шығып, жерде тұрып шомылу керек пе деген сауал қояды. Егер ондай мүмкіндік болса, неге солай жасамасқа. Аталған жаттығуды ваннада да жасай беруге болады. Кез-келген адам бесінші, немесе одын да жоғары қабаттан екі шелек суды алып түсе алмайды ғой. Сондықтан да жылы бөлмеде салқын сумен шайына беріңіз. Бір айта кетерлігі, бұл тәсіл де кейбір аурулардың асқынуына әчер етеді екен. Сондықтан да міндетті түрде дәріген кеңесіне жүгіну қажет.

Автор:
Ырыс КЕНЖЕ