Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖҰМЫРТҚА АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАЛЫ МА?


20 октября 2013, 09:31 | 1 483 просмотра



Жұмыртқа - көп жағдайда оларды әр түрлі жолдармен қолданудаң арқасында барлық елдер асханасында танымал әмбебап өнім. Бірақ оның пайдасы мен зияны туралы даулар толастамауда, деп хабарлайды aif.ru сайтынан.

Бір кездері жұмыртқаның сарысы зиянды холестерин көзі деп мойындалған. Шынында да, орташа көлемді әр жұмыртқа құрамында 350- 400 мг холестерин бар, ал холестеринді тұтынудың рұқсат етілген күн сайынғы нормасы ер адамдар үшін 390 мг және әйелдер үшін 290 мг тең. Сондықтан адамдарға күніне әрі кеткенде 2 тауық жұмыртқасын жеуге және жұмыртқаның сарысын жемеуге кеңес берілген.

Бірақ, екінші жағынан алып қарағанда, дені сау адамға астан келетін холестерин қауіп туғызбауы тиіс. Сондықтан холестеринінің артуымен ауырмайтын адамдарға аптасына 5-6 жұмыртқа жеуге болады. Сонымен қатар, жұмыртқаны пайдасы олардың зияны туралы дәлелдерден асып түседі және күмәнсіз болып табылады.

Жұмыртқа пайдалы, себебі олардың құрамында негізі дәрумендер мен минералдарды және антиоксиданттарды қосқанда ағзаға қажетті көптеген дәрумендер бар. Жұмыртқа адамдардың ақуызды, А, B6, B12 дәрумендерін, темір, фосфор және қалайыны тұтынуының 12 %-дық тәуліктік нормасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тауық жұмыртқасының сарысында кальций, калий, кобальт, йод және мыс бар.

Автор:
ҚазАқпарат