Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БЕС МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АДАМҒА ЕКПЕ ЖАСАЛАДЫ


13 октября 2013, 08:39 | 1 138 просмотров



Еліміздің халықына ақысыз түрде вакциналар егу жүргізіліп келе жатқанына тоқталған Е. Байжүнісов «Екпе жасаудың ұлттық күнтізбесіне сәйкес, 21 инфекциялық ауруға қарсы екпе жасалады. Жыл сайын біз бес миллионға жуық адамға екпе жүргіземіз, оның ішінде 1,4 миллионы - балалар. Оның арасында қызылшаға, дифтерия, палеомиелит, Б вирустық гепатиті және басқа да індеттерге қарсы»,-деді.

Осы орайда вице-министр соңғы 20 жылда қызылшамен сырқаттану 59 есеге, эпидемиялық паратитке шалдығу 160 есеге, Б вирустық гепатитімен ауыру деңгейі 23 есеге төмендегенін сөз етті.

Мәселен, 1998 жылы Б вирустық гепатитіне қарсы вакциналау енгізілген кезде елімізде жыл сайын дертке шалдығудың 4 мың 800 оқиғасы тіркелген болса, бүгінде оның 200-ге жуық жағдайы, ал балалар арасында 2-ден 5-ке дейінгі оқиғасы кездеседі екен. «2002 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біздің елді палеомиелиттен таза, ал өткен жылы безгектен таза аумақ ретінде таныды», - деп түйді

Автор:
топтаманы дайындаған: Ырыс КЕНЖЕ