Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ


13 октября 2013, 08:38 | 1 201 просмотр



Биылғы 6-7 қарашада Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен Алматы декларациясының 35 жылдығына орай халықаралық конференция өтті. Бұл туралы бұдан бұрын ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім еткен-ді.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жиынға әлемнің жетпіске жуық елінен мамандар келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, осыдан 35 жыл бұрын алғаш рет әлемнің 157 мемлекеті «Алматы декларациясы» атты үлкен құжатты қабылдап, осы құжат әлем мемлекеттеріне таралған болатын. Яғни онда Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке (АМСК) басымдық беріліп, барша әлемнің денсаулық сақтау жүйесі үшін басты бағыт етіп айқындалды. Тұңғыш рет АМСК және оның басты қағидалары мен даму элементтері айқындалды.

Аталған конференция өзге елдермен тәжірибе алмасуға, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңа инновациялық жолдарын қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ халық денсаулығына әсер ететін басқа да секторларды тарту, инновациялық технологиялар мен АМСК қызметін компьютерлендіру бойынша бұдан ары қарайғы ұстанымдарды анақтауға мүмкіндік бермек.

Автор:
топтаманы дайындаған: Ырыс КЕНЖЕ