Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДЦП - дан САУЫҒУҒА БОЛАДЫ


22 сентября 2013, 07:38 | 3 987 просмотров



Бүгінгі күнге дейін

балалардың церебральды

сал ауруы (ДЦП) ең ауыр

және емі жоқ туа бітті ауру

деп есептеліп келеді. Алайда,

қазіргі медицина ғажайыптар

жасауда! Медицинаның күн

сайын қарыштап жатқаны рас.

Білікті дәрігерлер медицина

жетістіктерін, жаңаша

технологияны барынша

пайдаланып адам денсаулығы

жолында қолдарынан

келгенін жасап бағуда. Түрлі

әдістемелік тәсілдер қолдану

арқылы емдеген жағдайда

балалардың церебральды

сал ауруы (ДЦП) салдарынан

пайда болған ақауларды

түзетуге, балаларды жүруге

және сөйлеуге, қандай да бір

дәрежеде қоғамда өмір сүруге

бейімдеуге болады.

Түркия дәрігерлері

церебральды сал аурумен науқастанған қазақстандық балаға таяуда ота жасады. Жасалынған

күрделі отадан кейін сәби қол –аяғындағы жанына бататын аурудан арылды. Стамбул

қаласында өткен маңызды отаның болуына «Самұрық қазына» қоры мен «Дом» қайырымдылық

қоры септігін тигізді.

Әлішер Бекболат 2006 жылы туылған. Бала бір жасқа толғанда жергілікті дәрігерлер бала

бойынан ДЦП (целебральды сал ауруы) белгісін байқаған. Сол сәттен бастап аяқ қолындағы

жанына батқан ауруы әбден меңзеген сәбиді ата-анасы апарамаған жерлері қалмаған еді.

Балалары жазылса болды деген үмітпен бұл отбасы баспаналарында сатып, кішкене Әлішерді

Қытай дәрігерлеріне де апарған болатын. Ол сапардан соң бала басын көтеріп, сөйлегені

болмаса, аяқ қолдарын бунап тұрған аурумен, жанына батқан ащы қиналыстан арылмаған еді.

Енді ол қиналыстың бәрі артта қалды.

Әлішердің денсаулығын түзеуден үміттерін үзбеген ата-анасы Түркиядағы білікті нейрохирург

Мемет Озек жайлы өткен жылы естіп біледі. Білікті маман Алматы қаласыны келіп кезекті

семинар өткізген болатын. Осы сапарында нейрохирург ДЦП –дан отаның көмегімен арылуға

болатынын айтқан. Өзінің тәжірбиесінен жасаған оталарынан мысал да келтірген.

Мемет Озек, нейрохирург: «Түсірілімнен көріп тұрғандарыңыздай мына қызы балаға

ДЦП диагнозы қойылған. ( спастическая тетраплегия). Ол жүре алмайды. Егер дер кезінде

аурудың алдын алмағанымызда, сәби өмір бойы мүгедек арбасына таңылатын еді. Оның

жағдайын тексеріп, уақытында ота

жасауды ұйғардық. Міне, қазір көріп

тұрғандарыңыздай қазір науқас баланың

жағдайы жақсарған. Денесін өздігінен

игеріп, тік ұстап, тұрып, жүре алатын

болды.»-деп сәтті жасалған күрделі істің

нәтижесін көрсетті.

Осы семинардан кейін Әлішердің

анасы Нұргүл Жолдас «Дом» қоғамдық

үйіне хабарласқан. Араға үш ай

уақыт салып «Самұрық қазына»

қоры отаға қажетті қаражатты төлеп

науқас сәбиді Стамбул қаласындағы

«Аджибадем» ауруханасына жатқазған

еді. Нейрохирург Мемет Озектің

басшылығымен кезекті күрделі ота

жасалды. «Әлішердің науқасы ДЦП

ның ең ауыр түрі-дестония. Аяқ-

қолы қимылдаудан мүлде қалған. Біз науқасқа полидотомия жасадық. Оның ми қыртысына

шаштың көлеміндей электрод орнаттық. Сол арқылы науқастың аурумен күресіп, мәселені

шешуге тырысып жатырмыз» -деп күрделі отының жасалу барысымен таныстырды. Әлішерге

жасалынған ота бірнеше сағатқа созылды. Баланың анасы жанын шүберекке түйіп, Алланың

рахымын, дәрігерлердің көмегін күтті. Ананың үміті ақталып, күрделі ота сәтті аяқталды.

Баланың аяқ - қол денесіндегі жанын қинаған науқастың беті қайтып, Әлішердің жағдайы

бүгінде біршама жақсарған.

Енді Әлішер Стамбулға дәрігердің кезекті бақылауына 6 айдан соң баратын болады.

Аталмыш емхананаға күрделі ота жасатуға 30 дан астам қазақстандық бала кезекте тұр.

Биылғы мамыр айынан бастап «Самұрық қазына» қоры 135 тен астам баланың жүзіне

бақыт күлкісін үйірілтіп, өмір гүлін сыйлады.

Автор:
Динара АУЖАНОВА.