Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОТБАСЫ - РУХАНИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУ


22 сентября 2013, 07:08 | 1 128 просмотров


Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет

басшысының атына сауал жолдаған депутат Оразкүл Асанғазы

осылай мәлім етті.

Депутаттың сөзіне қарағанда, қоғамда жастар тәрбиесі әлі

де жетілдіруді, толықтыруды қажет етеді. Өйткені, оның сөзіне

қарағанда, статистикалық мәліметтер елімізде ажырасудың

көп екендігін, ұрпағына лайықты тәрбие бере алмайындардың

да саны жеткілікті екенін байқатқан. «Қазіргі өркениетті кезеңде

отбасы тәрбиесімен арнайы айналысатын кәсіби психологтарға

әлеумет аса зәру. Бізде жалпы психолог мамандарды дайындау

болғанымен, салалық маман иелері дайындалмайды. Шетелде

бизнес, спорт, саясат, отбасы, тағы да басқа салалардан

арнайы мамандар дайындалады және олар қоғамның рухани

салауаттануына өз үлестерін қосады. Сондықтан да, еліміздегі

іргелі педагогикалық жоғарғы оқу орындарында отбасы тәрбиесі

кафедраларын ашу - өзекті мәселе», - дейді депутат.

Оның айтуынша, отбасы психологиясына байланысты арнайы оқу құралдарын дайындау,

әдістемелік кабинеттерді жабдықтау, ғылыми әдебиеттермен толықтыру, отбасылық тәрбие

беру ісімен айналысатын қоғамдық ұйымдарды қолдау бұл саланы қалыптастырып, дамытпақ.

Ал қазіргі кезеңде оқытылып жүрген психология пәні жалпылама негізде, ұлтымыздың дәстүрін,

ділін, тілін, ерекшеліктерін ескере бермейді. Сол себептен отбасы психологиясында әр ұлтқа тән

отбасылық, әулеттік қасиеттер ескеріліп, екшелене берсе, онда қоғамның рухани салауаттылығы

артқан болар еді деп есептейді, - дейді депутат Оразкүл Асанғазы.

Автор:
Қанат МӘМЕТҚАЗЫҰЛЫ