Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАБАРЛАНДЫРУ!


22 сентября 2013, 07:07 | 1 309 просмотров


Талдықорған қаласындағы МКҚК Облыстық перинатальдық орталығы Қазақстан

республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы «Саламатты Қазақстан»

мемлекеттік 2011-2015 ж ж бағдарламасының аясында толыққанды жұмыс жүргізіліп

жатқандығымен жұртшылықты хабардар етеді. Бұл бағдарлама аясында БҰДЖ

(Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі), ЕЖБ (Емдеуге жатқызу бюросы) халық

денсаулығы жолында жемісті жұмыс істеуде.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі Елбасының 2010 жылғы 29 қарашадағы

№1113 жарлығымен бекітілген. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жж

арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен қойылған мақсаттарға жету

жолдарының және бағыттарының бірі болып табылады. Оның негізгі қағидаттары бар:

- Медициналық ұйымды және емдеуші дәрігерді еркін таңдау;

- Медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің айқындығы;

- Бәсекеге қабілеттік:

- Ақырғы нәтиже үшін ақы төлеу;

Емдеуге жатқызу бюросының өзіндік құрылған мақсаттары бар. Бұл бюро жоспарлы емдеуге

жатқызудың жеделдігіне қол жеткізу мақсатында құрылған. ЕЖБ емхана және стационар

арасында келістіруші болып табылады және атқарылған жұмыстардын қортындысын жұршылқ

www.bg.eisz.kz. веб- сайттан қарай алады.

Емдеуге жатқызызу бюросының Порталы- бұл Қазақстан Республикасының әрбір

азаматтары үшін қол жетімді ғаламтордағы веб-сайт. Бұл www.bg.eisz.kz сайттан сіз Порталда

жасақталған кодыңызға сәйкес аймақтық және республикалық емханалар бойынша алдағы күту

парақтарын қарап, өз кезегіңізді үнемі бақылай аласыз.

Автор:
Талдықорған қаласындағы МКҚК Облыстық перинатальдық орталығы. Perinatal.tald