Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


13 сентября 2013, 05:23 | 1 586 просмотров



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде Министр С. Қайырбекованың төрағалығымен селекторлық режімде онкологиялық қызмет мәселелеріне арналған жиын өтті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Кеңеске облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, облыстық онкологиялық диспансерлердің бас дәрігерлері қатысты.

Жиында еліміздің онкологиялық қызметі, Ғаламдық бюджет қағидасы бойынша төлемақы жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

Барлық деңгейде дәрімен қамтамасыз етуге кететін шығынды қоса алғанда науқас үшін ақы төлеуді қарастыратын Ғаламдық бюджет жүйесін енгізудегі мақсат - қатерлі ісік ауруларына шалдыққан науқастардың өмір сапасын жақсарту.

Селекторлық кеңес барысында Министр Салидат Қайырбекова онкологиялық қызмет жетекшілері тарапынан менеджментті көтеру, науқастардың медициналық қызметке қанағаттанушылығын арттыру, оларды дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл іс-шаралардың барлығы науқастарды ерте сатысында анықтауға және олардың өмір сүру жасын арттыруға мүмкіндік береді.