Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«БАР БАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІ СҰЛУ»...


13 сентября 2013, 05:21 | 2 772 просмотра



«Өмірдегі ең қиын мамандық – адам болып қалу» деген екен ұлылар. Мамандығын таңдағанда қателеспегендерді өмірдегі бақытты жандардың бірі деп те айтып жатады. Осындай бақытты жанның бірі- Бейсенханқызы Бақтыгүл. Ол өмірін балалармен сабақтастырып, сол жауапкершілік пен ізденісті, зор еңбекті талап ететін қызметінен рахат таба білген педогог - логопед.

Бейсенханова Бақтыгүл Бейсенханқызы 1961 жылы 13 мамыр айында дүниеге келген. Мектепті тамамдаған соң 1978 жылы Абай атындағы Алматы Педогогикалық университетінің Дефектология факультетіне түседі. Аталмыш оқу орнын 1983 жылы педогог- дефектолог маманы болып бітіріп шығады. 1999-2003 жылдары Ілияс Жансүгіров атындағы жетісу Мемлекеттік университеінен аспирантураны тамамдайды.

Білікті маман 30 жылдан астам уақыт қажырлы еңбек етіп келеді. Бақтыгүл Бейсенханқызы ең алғаш қазметін 1983-1988 жылдар аралығында олигофенопедогог маманы болып облыстық интернатта атқарады. Бірнеше жылдар бойы Талдықорған қаласындағы №12 орта мектеп- гимназиясында мектеп логопеді болады. 1994 ж-2010 жылдар аралығында Жетісу Мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып, студенттерге дәріс оқиды. Бүгінгі күні кейіпкеріміз Талдықорған қаласындағы қалалық балалар емханасында логопед қызметін атқаруда.

Жоғары санатты Бақтыгүл Бейсенханқызының 30 дан астам ғылыми мақалалары, 3 іс –тәжірбие жинағы бар. «Мүмкіншілігі шектеулі балаларға ұлттық этникалық- педогогика элементтерін қолдану» атты ғылыми зерттеу жүргізді. Ол өзінің бірнеше жылдық тәжірбиесін әріптестерімен бөлісіп, баспасөз беттеріне де жиі жариялап отырады.

Мамандығы балалармен тығыз байланыста болғандықтан Бақтыгүл Бейсенханова барлық балаға мейіріммен қарайды. Біз кейіпкерімізбен танысып, сұхбат алуға барғанымызда кезекті баланы қабылдау үстінде екен. Алдына келген әрбір балаға ыждахатпен көңіл бөліп, оның тіл сындыруына, дыбыстарды айтуына мұқият көңіл бөлуде еді. Тіркеу журналына көзіміз түскенде Бақтыгүл апайдың күніне 74 балаға дейін қабылдайтын күндері болады.Балаларда кездесетін түрлі тіл мүкістігін, кекеш, дыбысты айта алмауы, сақаулық сияқты белгілері бар балалрмен арнайы тренинг сабақтар өкізеді. Дидактикалық материалдарды қолданып жаттығулар, баланың тіліне көп септігін тигізетін массаж жасап, қолынан келгенше балардың таз сөйлеуіне қолынан келгенше барын салып жатады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып сәбилерге қолынан келгенше көмегін тигізіп келеді. «Әрбір бала жеке тұлға. Мүгедек бала да әлеуметтік өмірге бейім болуы керек. Осы орайда біз ата- аналармен да тығыз жұмыс істейміз. Бұл салада еңбек етіп жүрген Әлеуметтік қызметкерлер Айдарханова Шамшырақ Баймұханқызы, Тышқамбаева Нұргүл Қисаповна сынды әріптестерімнің де еңбегі зор»- деп кейіпкеріміз сөз арсында әріптестернің де еңбегін баса айтып кетті. Ата- аналарға отбасының қалыптан ауытқымауын үстемелеу, ата-аналарды педагогикалық және тәрбиелік жұмысқа баулу және оның әдістерін үйрету жөніндегі логппепед кеңесін жиі өткізіп отырады.

Бақтыгүл Бейсеханқызы «Психологиялық бақылау», «Қиын баллар және жасөспірімдер», «Баланың мектепке дайындығы» «Спид- смертельная угроза человечеству» , «Духовные и психолого- педогогические аспекты работы с «трудными» детьми», атты бірнеше тренинг сабақтар мен, бас қосулар өткізді.

Бүгінгі заман ағымына сай, қажетті барлық технологиямен жабдықталған кабинетте балалармен жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалған. Бұл жерде бас дәрігер Омарова Майра Шегеқызының еңбегін де ерекше атап өтуге болады.

- Логопедке сұраныс неліктен өсіп келеді?Бұрындары логопед дегенді көп естімейтінбіз. Бүгінде мектепте, де, мектепке дейінгі мекемелер де де логопед маманының жұмыс істеуі міндетті.

- Былдырлап шыққан баланың тілі сол былдырлаған күйі қала берсе, қай ата- ана уайымдамасын?! "Баламыздың тілі дұрыс шықпай жатыр" деп, үйіне логопед мамандарды шақырып жүрген ата-аналар да бүгінде көбейді. Оны айтасыз, тіпті балабақшаларда логопед деген мамандық тапшы болып барады. Иә, елімізде тілінің мүкістігі бар балалар жиі кездесетін болды. Көптеген дыбысты дұрыс айтпай, бұзып айтатын балалар басым. Бұрындары "р" әрпін "ыл" немесе "ғы" деп оқитындарды ғана көретін едік, қазір "қ" мен "г" әрпін "т" қылып, "р"-ны "м"-ға ауыстырып, "л"-ны "у"-мен алмастырып, "с", "ш", "ж", "з" әріптерін "ч" қылып айтатындар баршылық. Яғни дыбысталу жағынан бір-бірімен бес қайнаса сорпасы қосылмайтын әріптермен алмастыру — үлкен проблема. Балабақшаға барсаңыз, дыбысты дұрыс айтатын баланы шам алып әрең табасың.

Ата-аналардың алаңдайтыны да – осы мәселе.

- Бақтыгүл Бесйсенханқызы балалар арасында қандай дефектологиялық ауру түрлері басым?

- Біз көбіне тіл мүкістігі бар, аяқ-қол, қимыл-тірек қозғалысы бұзылған (ДЦП) , аутизм, құлағы естімейтін, кекеш, фонетика- фонимитика дамымаған балалармен жұмыс істейміз.Тіл мүкістігінің өзі баланың жеке дыбыстарды дұрыс айта алмауы. Оған сигматизм– С, З, Ц, Т, Ж, Г, Щ әріптерін дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы;

* сақаулық – Р әрпін айта алмау; лямбдацизм – "Л" дыбысын дұрыс айтпау не басқа дыбыспен ауыстырып айту;

* быдықтық – дауыс ырғағының бұзылуы және дыбысты дұрыс айта алмаудан сөздің түсініксіз шығуы;

Осы аталған ауру түрлерінің бәрі бүгінгі таңда бар. Әрбір баламен жеке-жеке жұмыс жасай отырып .баланың жағдайын жақсартуға тырысымыз. Бізге мінез-құлқы қиын балалар да, жасөспірімдер де келеді. Сол балалардың бәріне қолымыздан келгенше көмек береміз. Тіл мүкістігімен үздіксіз жұмыс істеудің арқасында 1-2 апта көлемінде тіл мүкістігін түзетуге болады.

- Байқасақ, бүгінде тілі мүкіс, кекеш,сақау балалар жиі кездеседі, бұның салдары қайдан іздейміз? Жалпы тіл мүкістігі неден шығады?

Мамандар бала тіл мүкістігінің күрт көбеюуіне бірнеше себептер айтады. Соның біріншісі – емізіктен болады. Емізікті көп емген баланың таңдайы тереңдеп, икемсізденіп, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Яғни дыбыстың дұрыс шығу-шықпауына себептердің бірі – таңдай. Таңдайдан болған ақаудың әсерінен әріптер дұрыс дыбысталмай жатады. Ал бұрынғы қазақ балалары емізік дегенді білмеген.

Ал, тағы бір көңіл баса айтатын екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі. бала бақшасында тәрбиешінің баланың жастайынан қалай сөйлей бастағанына көңіл аудармауы. Мысалы, бала бір жаста 5-10 сөз айтуға тиісті. Екі жаста 200-300 сөз білетіндей қабілетке жетеді. Үш жаста күрделі сөйлемдерді айтып, дауысты дыбыстарды толық меңгеруі керек. Үш жастан бастап баланың жалпы сөйлеу тілі дами бастайды. Бұған ата-анасымен сөйлесуі, қарым-қатынасы тікелей себепкер болады. Қазіргі күні көп ата-ана баласымен бір жасынан бастап сөйлесе бермейді. Сөйлесетіндері ара-тұра кездеседі, бірақ баламен сөз алмасып, баланың қойған сұрақтарына үлкен адамдарша жауап қайтару сирек кездеседі. Мысалға айста, орыс халқында баламен сөйлесу біршама жақсы дамыған. Олар таңертеңгісін баласын бала бақшаға пара жатып та, келе жатып та баласы анау не? -деп сұраса соған барынша жауап беріп жатады. Ал ,біздің қазақ ата-аналары мұндайды ұсақ, түйек деп көңіл бөле бермейді.

Сонымен қатар баланы шектен тыс еркелетіп (гиперопека), кәдімгі түсінікті тілмен емес, баланың былдырлаған тілімен сөйлесу(баламен бала болып) де ата-аналар арасында басым. Бала уілдеп сөйлесе, анасы да баламен қоса уілдейді. Бұл дұрыс емес. Керісінше, бұл жағдайда ана баласын түсінбесе де, онымен дұрыс сөйлесіп, сөз үйретуі керек.

Сондай-ақ, баланың топырақта, құммен ойнамауы да тағы бір себеп -болады. Бүгінгі күннің балалары баяғыдай топырақта ойнаудан қалды. Шынын айстақ, ата- аналардың басым бөлігі балаларын топырақта ойнаудан шектеп, болмайды жеп жатады.Ал ғалымдар тілдің дамуына бала қолының ұсақ моторикалары, яғни қол бұлшықеттері мен саусақтарындағы нүктелер әсер етеді деп дәлелдеп берген екен.

Сондай –ақ, баланың ауыз аппаратындағы кемістіктер де мысалы, тістің қисық шығуы, таңдайдың, тілдің жырық болып туылуы, тіл мүкістігінің болуына әкеледі. Егер баланың есту қабілеті нашар дамыған болса, ол айтылған сөзді дұрыс естімейді де оны құлағында анықтап сақтап қала алмайды. Сондай-ақ жүйке жүйесінің зақымдануынан да сөздің бұзылуы мүмкін (мыс., миға қан құйылу). Тіл мүкістігін емдеу кемістіктің пайда болу себебіне байланысты жүргізіледі. Бала тәрбиесінің дұрыс болмауынан болған тіл мүкістігін емдеуді логопед-дәрігер жүргізеді, ауыз аппаратындағы кемістіктерді жою үшін хирургиялық (көбінесе пластикалық) операция жасалынады.

- Баламен жұмыс істеуде қай елдің әдіс- тәсіліне жүгінесіз? Батыстық әдістеме біздің қазақ балаларыының мінез-құлқына келеді ме?

- Мен балалармен жұмыс істеуде халықтық даналықты да қолданмын. Түрлі ұлттық ойындар өткізіп, ұлттық рухани құндылықтардың аясында бала тіліне , мінез- құлқына оң әсер беруге тырысып жатамын. Ұлттық тәрбиенің баланың сөйлеуіне әсері, тигізер септігі зор. Түрлі қазақша жаңылтпаштар айтқызып үйретемін. Мысалы: "Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше?" деген сияқты жаңылтпаштардың дыбыстарды, әріптері айыра білуге көмегі зор.

Сонымен қатар қазақта «Баланы бастан» деген аталы сөз бар емес пе?!Сондай –ақ, баланың қолына сүйек ұстатып қойып соны мүжіту де баланың тілінің дұрыс шығуына оң әсерін береді. Өткенге ой салып қарасақ, бұрынғы кездері қазақта тіл мүкістігі, кекеш сынды кемістіктер ілуде біреу болмаса, сирек кездесетін. Осы ороайда баланы тәрбиелеуде қазақ даналығына, тәрбие-тәліміне баса көңіл аударсақ. Басты мәселерден айналып өтеріміз сөзссіз.

Бақтыгүл Бейсенханқызы білікті маман ғана емес, аяулы жар, ардақты ана. Өз ісінің майталманы, бала біткеннің бәрін жақсы көретін кейіпкеріміз «Бала деген періште. Оларды жақсы көру керек. Балалар өте сезімтал, үлкендердің өздерін шынайы жақсы көргендерін сезіп-біліп тұрады» -деп өзінің балаларға деген шексіз мейірімін танытты. Иә, мамандығын шексіз сүйетін Бақтыгүл Бейсенханқызындай жаны жайсаң, жүректері мейірім мен махаббатқа толы жандар барда біздің балаларымыздың болашағы жарқын болары айқын. Ендеше, кейіпкерімізге алдағы қызмет барысында табыс тілеп, отбасында береке-бірлік болсын демекпіз!

Автор:
Динара АУЖАНОВА өз тілшіміз dinara.aujanova@mail.ru