Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БОЛЖАМ. ҮМІТ! ДАМУ?


13 сентября 2013, 05:18 | 1 319 просмотров



Қазақстанда медициналық туризмді дамыту қолға алынбақ. Бұл туралы сөз қозғалғалы бері біраз уақыт болды. 2011 жылдан бері еліміздегі ірі медициналық орталықтарға шетелдерден көптеген науқастар емделуге келген екен. Шетеледен ем іздеп келгендердің дені Елорда медициналық орталықтарына барады . Қазақ Астанасына келіп, дерттеріне дауа іздегендердің қатарында АҚШ, Түркия, Британия, Ресей, Үндістан, Австралия және өзге де елдердің азаматтары бар көрінеді. Бүгінде көршілес жатқан Россия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан біздің медицинаның көмегіне жүгінетіндер аз емес дегенді жиі еститін болдық. Осы айтылғандардың өтірік-расын білігіміз келіп, жалып оқырманға медициналық туризм деген не екенін ашып айту мақсатында сараптама жасадық. Сараптамамыз білікті дәрігерлер пікірі, халықаралық тәжірибе және еліміздегі медицина мен туризмнің халін зерттеу арқылы жүргізілді. Сонымен Қазақстан медициналық туризмді дамыта ала ма?

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮСІНІГІ

Медициналық туризм дегеніміз –азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек іздеу мақсатында шет елдерге шығуы. Сонымен қатар, медициналық туризм ұғымына дәрігерлердің медициналық көмек көрсету мақсатында шетелге шығуы да жатады. Медициналық туризмді жаһандық құбылыс ретінде қарастыруға болады. Себебі, қазір медициналық туризм халықаралық бизнестің тез дамушы саласы. Бұл сала халықаралық шекаралараның ашық болуы, әр елдегі медициналық қызмет сапасы мен бағасының теңсіздігінен дамыды. Адамдар негізен өз елінде сапалы, қолжетімді медициналық қызмет ала алмағандықтан, немесе өз елінде медициналық қызмет тым қымбат болған жағдайда шетелге шығады деп түсіндіріледі.

Мысалы, бауыр трансплантациясын қажет ететін америкалық науқастар емделуге Тайвань немесе Тайландқа барады. Себебі, АҚШ-та бауыр трансплантациясы 300 мың доллар тұрса, аталған елдерде медициналық қызмет түрі 90 мың доллар тұрады екен. Сонымен қоса, бұл елдерде дамыған туристтік инфраструктураны да пайдалануға болады.

Медициналық туризмі сұранысқа ие елдер қатарына Оңтүстік Корея, Тайланд, Сингапур, Колумбия, Коста-Рика жатады.Бұл елдерде тізе, жамбас буындарын ауыстыру және косметикалық ота түрлері арзан келеді екен.

Израиль, Франция, Ұлыбритания елдерінде негізінен «репродуктивті» медициналық туризм түрі дамыған көрінеді. Яғни, ол елдерде экстракорпоралды ұрықтандыру және «сүр- ана» қызметін көрсететін клиникалар жұмысы жақсы дамыған.

Қазақстандық науқастардың көпшілігі ұзақ уақыт бойы кардиохирургия, нейрохирургия, ағза транспланталогиясы, онкология және т.б медициналық көмек алу үшін басқа елдерге баруға мәжбүр болды. Бұның басты себебі, біздің елімізде аталған медициналық қызмет түрлерінің сапасы төмендігінде болды деп түсіндіреді ғалымдар. Негізінен қазақстандықтар емделуге Германия, Австрия, Израиль, Оңтүстік Корея, Сингапур және Түркия сияқты мемлекеттерге барады. Бұл құбылыстың шынайы маштабын анықтау қиынға соғады. Себебі шетелге емделуге шығатын азаматтар Қазақстанда нақты бір жерде тіркелмейді. Harvard Medical International мамандарының берген бағасы бойынша, 2007 жылдан бері шетелге емделуге шығатын науқастар арқасында Қазақстаннан жыл сайын 200 миллион долларға жуық қаражат сыртқа кетіп отырған. Олардың ішінде жоғары лауазымды мемлкеттік шенеуніктер көп болған көрінеді. Шетелдік сарапшылардың пайымынша, бұл құбылыс мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне зиян тигізуі әбден мүмкін.

Жалпы алғанда шетелде емделуге посткеңесттік елдерден жиі барады екен. Орыс тілді емделушілерге Түркияда медициналық қызмет бөлек бизнес-сала ретінде жұмыс істейді екен.

БІЗ ДЕ ҮМІТТІМІЗ...

Шетелде отандастарымыздың көбіне жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетілгенін мойындауға тура келеді. Алайда, шетелдің медицинасын аса дәріптеудің қажеті жоқ.Өзге елдің аты өзге ел. Дертіне ем іздеп барған қандастарымызды сан соқтырып алдап кеткен жағдайлар да кезіккен. Алмас Шарман осы мәселе төңірегінде «МЕДИЦИНСКИЙ ТУРИЗМ: МИФЫ И РЕАЛЬНОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ ДЛЯ КАЗАХСТАНА» атты мақаласында былай келтіреді- «Иностранные пациенты не всегда воспринимаются врачами с восторгом, особенно,когда пациенты своей страны являются более приоритетными. Поэтому нередко они поручают лечение иностранных пациентов своим менее квалифицированным коллегам.Известны также случаи мошенничества, когда выставляются счета по несоразмерно завышенной стоимости либо требуют оплату за услуги, которые вовсе не оказывались.Например, известен случай, когда одна израильская клиника выставила счет за медицинское обследование казахстанского пациента, который умер за несколько лет до этого».

Өзге елде ем іздегенді құптамайтындардың қатарында бізбен медициналық туризм төңірегінде ой бөліскен Мұрат Көмекұлы Рахметов та бар. Талдықорған қаласы Алматы облыстық көпсалалы ауруханының бас дәрігері Мұрат Көмекұлы Қытайға барып емделетін қандастарымыз арасында дұрыс ем алмай келгендердің де, тіпті ол жерде ота жасатып еліне қайта оралмағандар болғанын мысалға келтірді.

Мұрат Көмекұлы Рахметов, Талдықорған қаласы Алматы облыстық көпсалалы клиникалық аурухананың бас дәрігері: Өзім Қытайға барып емделуге қарсымын. Қытай препараттарының тез арада әсер етуінің себебі, олар ауруды басатын гормондар салады. Ол науқасты уақытша ғана оңалтады.Кейін ауруы қайта шығады. Қытайдан емделіп келіп, тәуір болып қайтадан өз елімізде емделген науқастар болды. Қытай медицинасы жақсы шығар, бірақ бізден асып кетті деп айталмас едім. Қазір бізде трансплантологияда ерекше жетістіктерге жетіп, жүрек алмастырып, яғни медицинамызда даму байқалады. Қазір, міне, ауруханымзға 200 миллион көлеміндегі қаражатқа заманауи аппаратура алу жоспарлап отырмыз. Бұл ауруханамыздың қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қажет.Дегенмен, шетелден науқастарды бізге емделуге келіңдер деп шақыра алмаймын, өйткені бұл Талдықорған қаласы облыстық ауруханасы осы аймақтың халқына қызмет көрсетуге арналған. Оның үстіне біздің Алматы облысында халық саны көп. Біздің аурухана алдындағы негізі мақсат –аймақ тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

ХХI ғасыр медицинасының басты ұраны — «Пациенты без границ!» . Бұл бүгінгі заманда әр науқастың дәрігерді өзі таңдай алу құқығына орай айтылған сөз болу керек. Медициналық туризм де науқастың өзі қалаған елде, өзі қалаған клиникада, өзі қалаған дәрігерге қаралу ниетінен бастау алған. Мұрат Көмекұлы облыстық ауруханада аймақ тұрғындарын емдейміз дегенімен, бұл мекеменің білікті мамандарына шет жақтан да сұраныс барын айтып қалды. «Біздің Облыстық аурухана офтолмология бөлімшесінің меңгерушісі Александр Иванович Белошапкинге қаралып, кеңес алу үшін науқастар Россиядан арнай келіп жатады. Ол кісі өте білік маман, аты шыққаны соншалық Россиядан іздеп келетіндер көп. Меніңше, медициналық туризмнің дамуына жеке бір маманның имиджі де әсер етеді.»

Медициналық туризм біз үшін жаңа ұғым. Бұл саланы дамытуды осыдан бірнеше жыл бұрын ғана қолға алынды. Сондықтан медициналық туризм елімізде даму жолында деп те айту әлі ерте сияқты. Елордадағы «Astana Medical Park» клиникасы базасында медициналық туризмді дамыту жобасы әзірленгені белгілі. Жобаның мақсаты – қазақстандық және шетелдік азаматтарға жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету. Бүгінде Астананың медициналық мекемелері үдемелі кардиология, аритмология және кардиохирургия, шағын инвазивтік эндобейнехирургия, check-up бағдарламасы, қауіпсіз босану, неонаталдық технология, тағы басқа да салаларда жоғары технологиялық қызмет циклін толық көрсету мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл жобаға Астана қаласының №1 және «№2 қалалық ауруханасы, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, сонымен қатар Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы қатысады. Мамандардың айтуынша, аталған мекемелерде көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы салыстырмалы түрде арзан, ал технологиялық жабдықталуы мен дәрігерлердің біліктілігі тұрғысынан көш ілгері болады.Бүгін Қазақ халықана бұрыңғыдай шетелге барып емделмей-ақ, өз елімізде қажетті ем алуға мүмкіндік туып отыр. Себебі, мойындау керек соңғы жылдары Ұлттық медициналық орталықтарда әлемдік стандарттарға жауап беретін қызмет көрсетіле бастады, әрі отандық медицина үшін алға жылжу. Мысалға алатын болсақ, бүгінгі күні орта азия елдерінің ішінде Қазақстанда трансплантология даму жолына түсті. Елімізде жүрек трансплантациясы, тағы басқа ағзаларды ауыстыру оталары сәтті өткені белгілі. Сонымен қатар , 2012 жылдың ақпанында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы посткеңестік кеңістікте бірінші болып Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредитациясын алған еді. JCI аккредитациясы пациентті емдеу сапасының және оның қауіпсіздігінің «алтын стандарты», медициналық ұйым үшін танылғанының ең биік белгісі. JCI өз елінен шығып, жоғары сапалы медициналық қызмет іздеген турист-медициналық пациенттердің сенім кепілі ретінде бағаланады. Қазақстанның ұлттық медициналық холдингінің (ҰМХ) барлық емханалары медициналық туризмге 2014 жылы дайын болады деген мәлімдеме жасалған еді. Нақтырақ айтсақ, 2014 жылы холдингтің барлық клиникалары белгілі бір дайындықтан кейін JCI аккредитациясынан өтеді, яғни кластер толығымен медициналық туризм үшін тартымды болмақ. Әрине бұл қуанатын жайт. Алайда, Қазақстанның шетелдіктер үшін тартымдылығы –еліміздегі жалпы туристтік инфроқұрылымның тартымдылығына байланысты. Өкінішке орай, әуе қатынасы, Астана және Алматыдағы қонақүйлері мен тамақтанудың қымбаттығы жақын болашақта Қазақстанға медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік бере қоймас.

Бұл ойды «Нур-Авиценум» медициналық орталығының директоры Владимир Антонович Крайсман де білдірген еді. Оның айтуынша, Қазақстанда медициналық және сауықтыру туризмін дамытуға жағдай бар. Бұл дамуды тежейтін елдегі инфроқұрылымның дұрыс жолға қойылмауы.

Владимир Антонович Крайсман, директор медицинского центра «Нур-Авиценум», Член Американской Ассоциации сердца, Европейского общества кардиологов:

Идея медицинского туризма, очень хорошая, ее надо развивать. Ксати, наши граждане все меньше нуждаются в лечении за рубежом, потому что здравоохранение у нас бурно развиваеться, прогрессирует, и сейчас все виды высокоспециализированной медицинской помощи наша медицина в состоянии обеспечить сама.За исключением крайне редких ситуаций. По моему мнению, медицинский туризм, как термин не отражает саму суть. Если под медицинским туризмом подразумевать лечение зарубежом, то это не туристическая поездка. Лечение не может быть туристической поездкой. Если же, иметь в виду медицинский туризм как оздоравительные туристические поездки, то я думаю в нашей республике есть самые широкие возможности развивать эту сферу. У нас есть горы, лесные массивы, чистейший воздух, чистейшая вода с горных родников, но все это будет связано во многом с инфроструктурой. Обеспечением необходимыми гостиничными комплексами, сервисом, транспортировкой. Все эти места привлекательны не только для наших граждан , и не только для ближайших соседей, но и для гостей дальнего зарубежья. Но для этого нужно многое сделать. Чтобы развивать медицинский туризм во- первых в этом должны участвовать медики. Во-вторых многое будет зависеть от инфроструктуры, для этого естественно нужны инвестиции.Все должно функционировать на том уровне, который бы удовлетворял всех .

Медициналық туризм сөз тіркесінің өзі санаға бірден сіңе қоймайтын секілді. Туризм – демалыс, бос уақытты өткізу, спорт, мәдениет және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет саналған. Енді туризм мағынасы кеңейе түсті. Медициналық туризм –шетелден лайықты ем алу, денсаулығын түзеумен қатар сол елмен танысуды да қамтиды. Елімізде шетелден емделуге науқастардың келуі –тек қана медициналық қызмет ұсыну ғана емес, елімізді көрсету, таныстыру. Сондықтан Қазақстанда инфроқұрылым деңгейі лайықты болуға тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан медицинасы біріншіден өзіміздің халық үшін, содан кейін ғана шетелдіктер үшін қолайлы болса. Айта кететін тағы бір жайт, сапалы ем ұсынатын медициналық орталықтар тек Астана мен Алматы сияқты қалаларда ғана емес, Республика аймақтарында да ашылып, қызмет көрсеткені еліміздің денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктердің орнын толтырар еді.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА