Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КАРДИОХИРУРГТЕРДІҢ ІІ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ


13 сентября 2013, 05:15 | 1 441 просмотр



Конгреске 16 елден: АҚШ, Еуропа, Ресей, Орталық Азия және т.б. мемлекеттерден әлемге әйгілі ғалымдар жиналып, медицина ғылымының дамуы, тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды дамыту турасында ой бөлісті.

Бүгінгі таңда бұл сала бойынша республикада 5 республикалық, 11 өңірлік кардиохирургиялық орталық, көпбейінді ауруханаларда 11 бөлімше халыққа қызмет көрсетуде. 26 инсульт орталығы ашылды, ағымдағы жылы тағы 22 осындай орталық ашу жоспарланып отыр.

Осыдан 5 жыл бұрын ғана Қазақстанда ашық жүрекке жекелеген ғана операциялар атқарылса, өткен жылы отандық дәрігерлер жүрекке күрделі 20 мыңнан астам ота жасады. Ал биыл олардың саны 28 мыңнан асты және оның 10 мыңнан астамы ашық жүрекке жасалынды.

Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде соңғы 2 жыл ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді 20% азайтуға қол жеткізілді.

Донордан жүректі алмастырып салу - кардиохирургияның ең жоғары шыңы саналады. Қазір қарапайым қазақстандықтар осындай жоғары мамандандырылған медициналық көмекті шетелдерге бармай-ақ, өз елімізде ала алады. 2012 жылғы 8 тамызда Қазақстанда алғаш рет донор жүрегін трансплантациялау операциясы жасалды.

Қазіргі таңда Қазақстан ашық жүрекке бірегей операциялар жасайтын 22 озық елдің қатарына кіреді. 80-нен астам науқасқа жасанды ең озық құралғы - сол жақ қалқаншаны имплантациялау жасалды.

Кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамытудағы Қазақстанның тәжірибесі бүгінгі таңда өзге елдердің қызығушылығын тудыруда.

Кардиохирургтердің ІІ Ұлттық конгресі осы салада көпжақты байланыстарды дамытуға жаңа серпін беріп, республикада кардиохирургиялық көмекті әрі қарай дамытуға өз үлесін қосатын болады.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі