Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАС ЖІГІТТІҢ ІШІНЕН НӘРЕСТЕ ШЫҚТЫ


13 сентября 2013, 05:15 | 1 619 просмотров



Осы өңірдің Түркістан қаласында тұратын 22 жасар жігіттің ішінен жас нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Алғашында оны тексерген дәрігерлер «ішкі құрылысында артық ет бар» деп, «теаратома» деген диагноз қояды. Ал кейбірі сенде 2 бауыр бар депті. Бірде оның іші бүріп ауырып, ыстығы көтерілгесін ауруханаға барады. Дәрігерлер іштегі ісікті алып тастау үшін ота жасаған екен. Артынан ағза қуысына орналасқан нәрестені және уақыт өте келе жетілген эмбрионның тісін көреді. «Оның ішінен адамға тән қол, жауырын сүйегі, тіс және аяқ сүйегі шықты. Бұл егіз болып туылуы керек болатын. Оның сыңары науқастың ішіне біткен»,-дейді дәрігер-хирург Ерғали Абдуллаев.

Автор:
Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.