Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

14 ТІКҰШАҚ АЛАҢЫН САЛАДЫ


6 сентября 2013, 05:52 | 1 330 просмотров



Алматы облысында 2014 жылы санитарлық авиация үшін 14 тікұшақ алаңдарын салмақшы. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нақты айтар болсақ, шалғайда келуі қиын науқастарды екі тікұшақ орталыққа тасымалдайтын болады.

– Үшаралда әуежай мен шекара қызметінің түкұшаққа арналған екі алаңы бар. Демек, ауылдық жерлерде тікұшаққа арналған алаңдар салмасақ та, олар қона алатын жерлерді белгілеп қойсақ, соның өзі жеткілікті, – дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының емдеу жұмыстары басшысының орынбасары Майра Егембердиева. Қазір Алматы облысында санитарлық авиация жоқ емес бар. Олар науқасты Талдықорғанға, не Алматы қаласына жеткізеді. Былтыр осындай санавиация науқастарға қатысты 15 рет ұшып қонған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, биылғы 7 айда санавиация 25 рет шақыртылған көрінеді. Бүгінгі таңда тікұшақ жалғыз ғана болып отыр және ол «Қазавиақұтқару» қызметіне тиесілі болып отыр. Ауылдың көбінде тікұқшақ қонатын алаңдар дайын болмағандықтан оларды салу қажеттілігі туындап отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу жұмыстары басшысының орынбасары М. Егембердиеваның айтуынша, «санавиация жүйесі тосын жағдай орнай қалғанда өте қажет».

– Ондай кезде ауыр жағдайдағы сырқаттарды арнайы ұшақпен Алматы, не Астана қаласына жеткізуге тура келеді. Ал кейде, республикалық деңгейде ота жасай алатын басқа да қалаларға апару қажеттілігі туындайды. Бұл ретте тікұшақтың ұшуы мен оның жанар-жағар майына шектеу болмайды, себебі ол республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ұшқыштарға кедергі келтіретін тек ауа райы ғана болуы мүмкін», - дейді Майра Егембердиева. Арнайы мамандардың хабарлауына қарағанда, тікұшақтың бір сағат ұшуы 560 мың тұрса, ұшақтың жалдық бір сағаты 640 мың теңге тұрады. Бір айта кетерлігі, Алматы облысында ұшу сағаттарына арнайы қаражат бөлінген,–дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Автор:
Өз тілшімізден