Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОҚО-ДА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛУДА


29 августа 2013, 09:52 | 3 313 просмотров



Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «АНАМ» Корей университетінің госпиталі (Сеул қаласы, Оңтүстік Корея) екі жақты бірлескен Меморандумға қол қойды. Меморандумда медицинадағы түрлі салалар бойынша, оның ішінде бүйрек ауыстыруда Оңтүстік Кореяның жетекші мамандары жергілікті кадрларды оқыту мен кеңес беру, тәжірибе алмасу қарастырылған.

Мәліметтерге сүйенсек, облыста 300 науқас созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ақырғы сатысы бойынша тіркеуде тұр, әрі олардың саны жыл сайын артып отыр. Бұнымен қоса, Оңтүстік Қазақстан облысында алыс-жақын шетелдерде донорлық бүйрек ауыстыру операциясы жасалған 40 науқас есепте тұрады.

Аталмыш жобаны жүзеге асыруда Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында АНАМ Корей университеті госпиталінің мамандарымен бірлескен бүйрек ауыстыру бойынша шеберлік сыныптар жүретін болады. Шара трансплантациялық қызметке қатысты - нефролог, уролог, хирург, анестезиолог-реаниматолог, трансфузиолог сияқты 28 маманға арнайы ұйымдастырылуда. Іс-шара бағдарламасы бойынша туысқан донордан 7 бүйрек ауыстыру және АНАМ Корей университеті медициналық орталығының трансплантология және қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, профессор Пак Кван Тэ (Park Kwan Tae) лекциялық курстар өткізді.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ