Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖАСАДЫ


29 августа 2013, 09:50 | 1 682 просмотра



29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні атап өтілді. Осы күні Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына биыл 22 жыл толады. Ал келер жылы қазақ топырағында ядролық сынақтарды тоқтатуға елеулі үлес қосқан «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысына 25 жыл болады.

Шығысқазақстандықтардың азаматтық белсенділігі мен семейліктердің ядролық қаруға қарсы қозғалысқа қосқан үлесі туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, белгілі қоғам қайраткері, ақын, ағартушы, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов әңгімелеп берді.

«2014 жылдың 25 ақпанында Кеңес Одағындағы ядролық қаруға қарсы тұңғыш қозғалыс атанған, кейіннен халықаралық дәрежеге шыққан, әлемдегі ең озық, ең белсенді қозғалысымыздың құрылғанына 25 жыл толады. Оның басты жетістігі - полигонның жабылуына қол жеткізгені. Міне осылайша, семейліктер мен барша қазақстандықтар әлемдік ядролық қаруға қарсы қозғалыстың алғашқы қадамын жасады.

Өскеменде жүріп мен біздің қозғалыстың қатысушысы болған, Семейдегі полигон алдында және Курчатовтағы митингілерге қатысқан сіздердің этнографиялық кешендеріңіздің директоры Николай Алексеевич Зайцевті кезіктірдім. Бұл кездесу мені моральдық, рухани тұрғыдан байытып, әлі де атқарылуы тиіс өте маңызды еңбектерді жазуға бойыма қуат беретін ескі естеліктерді оятты. Николай Зайцев мұнда, «ұлы державаның атомдық қоқысы» орналасқан жерде, өмір сұлулығының таңғажайып әлемін құра білді. Ол «ыбырсыған қоқыс орнын» таңқаларлық жануарлар мен өсімдіктері бар керемет баққа айналдырды. Тамаша орын!

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ.