29 августа 2013, 09:47 | 4 650 просмотров
Қырғыз билігі "оба" ауруының тіркелгенін ресми түрде растады. Қырғызстан Ыстықкөл облысының АқСу ауданында без ісігі обасынан 15 жасар жеткіншек қайтыс болды. Көршілес елдің Денсаулық сақтау министрлігі «эпидемия жоқ» дегенімен, еліміздің ДСМ отандастарымыздан Қырғыз еліне шығуына бас тартуын сұрайды. Оба індетінен адам өлімі расталғаннан кейін оқиға орын алған жерге шекаралас жатқан Қазақстан аймақтарында төтенше жағдай жарияланды. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі көрші елге обамен қарсы күрес шараларына көмек көрсететініні белгілі болды. Алматы облысы Қырғыз елімен шекаралас болуына байланысты жұқпаның әкеліну қауіпі өте жоғары. Бұл туралы Алматы облыстық СЭҚ қызметі және Талдықорған обаға қарсы күрес станциясының мамандары мәлімдеді.
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ОБА ҚАУІПІ
27 тамыз Алматы облыстық Саниатрлық эпидемиологиялық қадағалау қызметінің ұйымдастыруымен Қырғыз Республикасында тіркелген обадан адам өлімі жағдайы және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар ету мақсатында жиналыс өтті. Жиынға Алматы облыстық СЭҚҚ департаменті, Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы, Төтенше жағдай, Ветеринариялық қызмет және Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлері қатысты.
Қырғыз Республикасымен біздің еліміздің Жамбыл облысы мен Алматы облысы Райымбек ауданы шекаралас болуына байланысты жұқпаның әкеліну қауіпі өте жоғары. Сондықтан 24 тамыздан бері еліміздің Жамбыл және Алматы облыстарында шекарадан өтуші азаматтарға қатаң мониторинг жүргізіп, халықты ақпараттандыру жұмыстары басталды.
СЭҚҚ департаментінің карантиндік және аса қауіпті жұқпаларды қадағау бөлімінің басшысы Бердикенова Лаура Талғатқызының айтуынша, қазір Райымбек ауданында төтенше жағдай жарияланып, ауылдық округтерде халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 28-29 тамыз Райымбек ауданы мен Қазақстан –Қырғызстан шекарасында орналасқан «Кеген» өткізу пунктіне кеңес-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында облыстық мамандардың іс-сапары жоспарланды. Арнайы Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы берген мәліметі бойынша , Обаға қарсы күрес станциясы тарапынан оба табиғи ошақтарына маусым сайын қажетті деңгейде қадағалау және алдын алу жұмыстары жүргізіледі. 2013 жыл басынан бері Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы эпидемиологиялық қадағалауды Алматы облысының аумағында және Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданында жүзеге асырады. Оба бойынша энзотиялы ошақтың аумағы 120,9 мың шаршы шақырым құрайды. Бүгінгі таңда 80,8 мың шаршы шақырым аумақ тексерілді. Оба эпизоотиясы 4700 шақырымда алаңда анықталды. 14665 кеміргіш және 14665 бүрге мен кене зертханалық жолмен тексерілді. Тексеру нәтижесінде оба қоздырғышының 52 себіндісі және 74 кеміргіштен оба қоздырғышына антидене бары анықталды. Оба эпитзоотиясы Балқаш, Панфилов, Ұйғыр және Райымбек аудандарында анықталған екен. Жергілікті тұрғындарға обаға қарсы екпе жасалған және індеттің алдын-алу шараларының барлығы атқарылды деп сендірді станция қызметкерлері.
Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы басшысының орынбасары Көпбаев Ерғали Шойынбекұлының мәлімдеуінше, Алматы облысы аумағында эпидемиологиялық жағдай бір қалыпты тыныш. Себебі обаға қарсы күрес станция тарапынан жүргізілетін жұмыстар аса ұқыптылықпен атқарылады. Соңғы рет обаға адам шалдыққан оқиға Алматы облысы Балқаш ауданында 1989 жылы тіркелген, ол кезде өкпе обасына шалдыққан науқас аман-есен жазылып кеткен. Ерғали Шойынбекұлының айтуынша, Қырғызстандағы жағдайдың орын алуының басты себебі жергілікті халықтың толық ақпараттандырылмағандығында және сол тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамағанында. Мамандар Қазақстан азаматтарын көршілес Қырғыз еліне, әсіресе Ыстықкөлге барудан тыйылуын сұрайды.
Бір адам өлімі –эпидемия емес
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызға қараған түні Қырғыстан Денсаулық сақтау министрлігіне Ыстықкөл облысының Ақ-Су ауданының Ичке-Жергезайылының бір тұрғынында оба ауруына күдік бары туралы жедел ақпарат келіп түсіпті. Эпидтексеру 15 жасар науқастың 2013 жылғы 7 мамырдан бері әкесімен Ақ-Су ауданындағы Кашка -Суушатқалында қойшы болып тұрғанын анықтады. Ол өзінің ауырғанын 17 тамызда сезінген. Басы аурып, мазасы болмапты. 18 тамызда Ичке-Жергезайылындағы үйіне келіп, тек 22 тамызда ғана Ақ-Су ауданындағы территориялық ауруханаға көмек сұрап келген. Бірақ, дәрігерлер қанша әрекеттенгенімен науқас 22 тамызда 21.30 көз жұмған. Кей мәліметтер бойынша, ер бала суыр етінен дайындалған кәуаптан обаға шалдықты делінсе, кейіннен бүргенің шағып алғаннан деген ақпарат расталды. Қазір оның мәйіті барлық санитарлық талаптарға сай жерленген. Енді марқұммен қарым-қатынаста болған 105 адам анықталып, оның 19 науқаспен тығыз қарым- қатынаста болған медициналық қызметкерлер. Бүгінгі күні барлығы ауруханаға жатықызылып, оқшауланған. Әзірге олардан «бубон обасының» қандай да бір белгілері байқалмаған. Қазір төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен дәрігерлер сол өңірдегі екі мыңға жуық адамды тексерістен өткізіп, жасөспірім көз жұмған Сары-Жаз өңірінде карантин жарияланған. Арнайы бекеттер де құрылыпты. Тұрғындарға екпе жасалып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Ыстықкөлде Қашқа-су шатқалына шығуға шектеу қойылды.
Бір қызығы, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінша, оба дертінен жасөспірімнің қайтыс болуына байланысты бірде-бір ауданға карантин жарияланбаған. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу кезінде сырттан халық, туристер мен демалушылар келмеуі үшін шатқалдың жоғарғы және төменгі аумақтарында арнайы бекеттер қойылды. Оған қоса Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі: «Без түйін» обасының таралу эпидемиясы болмайды»-деп мәлімдеді. Індеттің бұл түрі тек бір шатқал аумағында тіркелген. Ал шекараны жабуға еш негіз жоқ. Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекара жабылмағаннан екі ел арасында жүретін жолаушылар әлі тыйылар емес. Оба аса қауіпті жұқпалы ауру болғндықтан, жолаушыларға қырғыз еліне бармауын отандық мамандар да, денсаулық сақтау министрлік те хабардар етті.
АНЫҚТАМА
Оба індеті туралы не білеміз?
Обаның табиғи ошағы Қазақстанның 39 пайыз жерін қамтиды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы оба жөнінде сәтсіз аумақтың 51%-ға дерлігі Қазақстанның үлесінде,обаның табиғи ошақтарының ауданы 1млн. шаршы километрден асады. Жыл сайын, алдын алу мақсатында, обаны жұқтырушылар – бүргелерді жою жұмыстары 600 шаршы километр аумақта жүргізіледі.
Қазақстанда жыл сайын обаны жұқтыру қаупі жоғары 120 мыңға жуық адам егіледі, соның ішінде, жұқпалы аурудың табиғи ошақтары аумағында орналасқан өндіріс кешендері мен мұнай кәсібінің қызметкерлері де бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерегі бойынша, аталмыш ұйымға күн сайын 2 мыңға жуық оба оқиғасы жөнінде хабар келіп түседі. 2011 жылғы дерек бойынша, Азия елдерінің үлесінде ауырудың 60,3%, Африканың – 24,6%, АҚШ пен Оңтүстік Американың - 15,2%. Азияда обамен аурудың шарықтау шыңы 1994 ж. байқалды, ол кезде 1228 оқиға тіркелді. 1994 ж. Индиядағы эпидемия кезінде обаның 876 оқиғасы тіркелді.
Обаның кеміргіштер ауруы екендігі белгілі. Ауру тышқанды шаққан бүрге түйені де шақса, онда малға ауру жұқты дей беріңіз. Түйенің иесі ауырып тұрған жануарды арам өлтіріп алғысы келмей, сояды да, етін сатады. Содан оба түйені сойған, етті жеген адамдарға жұғады. Негізінен сексеуіл өсетін жерде арасында жүретін тышқандар обамен ауырады, содан бір-біріне жұқтырады. Ал адамға негізінен сексеуіл жинайтын, құмға баратын малшылардың шалдығу қаупі бар. Тышқанның қанын сорған бүрге, адамды шақса обаны жұқтырады екен. Егер уақытында анықталса, оба жазылатын ауру. Қазақстанда оба ошақтары: Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік қазақстан және Алматы облыстарында орналасқан екен. Обаға қарсы күрес станциялары: Қызылорда, Шымкент, Маңғыстау, Орал, Атырау және Талдықорған қалаларында орналсақан. Оба індетінің бес түрі бар: тері, ішек қарын, без, өкпе және қан обалары. Тері және без обасы тышқан, бүрге, кененің қай жерінен шаққанына байлансыты жұғады. Аяқтан шақса шап бездері іседі, қоладан немесе мойыннан шақса қолтық бездері ісиді. Өкпе обасы: Тышқан ініндегі шаң тозаңды, сол маңдағы шөптерді, сексеуілді жинағанда шаңмен дем алап оны жұтқанда жұғады. Немесе без обасы асқынып өкпеге шабуы мүмкін. Қан обасы: егер бүрге, кене бірден қан тамырынан шақса, немесе без, өкпе обалары асқынып қанға кетіп қалғанда болады. Ал қан обасынан науқасты тез арада емдемесе, екі сағаттың ішінде өліп кетеді.
Оба жұқпасының белгілері: Жұқпаның жасырын кезеңі 2 күннен 6 күнге дейін болуы мүмкін. Оба ауруы өте қатты қалтыраумен , дене қызуының жоғарлауымен жедел кенеттен басталады. Әлсірейді, жүрегі айниды, кейде құсу-ауруға тән белгілері, бұлшық ет ауырсынулары болуы мүмкін. Алғашқы уақытта жүрек қан-тамыр жүйесінің зақымдану белгілері дамиды.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу медицина қызметкерлеріне қаралып, ауруды дер кезінде анықтап, дәрігерлік көмек алу қажет.