Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КОСМЕТИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯ


21 января 2010, 12:55 | 5 914 просмотров



Тыртықты, меңді, дақты, атероманы, меңді кетіруге арналған операция

Бет терісінен едәуір шығып тұратын тыртықтарға (жарақаттан, күйгеннен, әртүрлі аурулардан кейін пайда болған) массаж, парафин және басқа да косметикалық құралдар көмектеспейді. Мұндай тыртықтарды тек операциялық жолмен ғана кетіруге болады. Жіңішке тыртықтар біржолата кетеді, ал өте қалың тыртықтыр жіңішкереді. Егер тыртық жалпақ, жұлдызша болып келетін болса онда тері жапсырылады. Ол теріні тыртықтың формасы мен көлеміне қарай дененің басқа жерінен алады.

Егер меңдік дақ кіші-гірім, сопақтау болса, кесіп алып, шетін қосып тігеді. Сөйтіп, оның орнына көзге білінер-білінбес жіңішке ғана сызықша қалады. Ал меңдік дақ үлкен болса, оған тері жапсыру керек.

Ал атероманы хирург кеседі. Ішіндегі майға толы капсуланы алып тастайды да, жарақатты тігеді. Сөйтіп операция жасалған орнына жіңішке ғана із қалады.

МҰРЫНҒА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ

Бұл операцияның ең басты мақсаты оның формасын түзеу. Мұрын көбіне бір соққыдан кейін немесе ауру салдарынан өзгереді. Сонымен қатар туа біткен деформациялық немесес сұрықсыз мұрындар болады.

Егер мұрын тым түсіңкі не ұзын болса хирургтар ұшын кеседі. Мұрын үлкен болса екі жағындағы тканьді кесіп алып, кішірейтуге болады. Қоңқақ мұрынды түзеу де түк емес. Мұрынға операцияны іш жағынан немесе сыртынан да жасай береді. Егер мұрын қатты жарақаттанса оған тері жапсырады. Ал дәрігер операция жасаудың қажеті жоқ деп тапса, онда маманмен келісуге тура келеді.

ЕРІНГЕ ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ

Негізінен аурудан кейін болған, жарақаттан пайда болған кемшілікті кетіру мақсатымен атқарылады. Жарылғанда, соғып алғанда көбіне тістің үстіңгі жағындағы ерін жарақаттанады.

Еріндегі жара ашылып, ауырады. Жазылғаннан кейін көрікті кетіреді. Сондықтан хирургтар еріндегі жарақатты тігеді. Ал қоян жырық – туа біткен кемшілік. Ол үстіңгі ерінді бір жерінен немесе екі жерінен бөліп тұрады. Көбіне мұндай кемшілікке дәрігерлер баланың алғашқы айында операция жасауды ұсынады. Қоян жырық тым үлкен болса тері жапсырылады.

ҚҰЛАҚҚА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ

Бұл операция қалқан құлақтарға жасалады. Тігістің бәрі құлақтың артқы жағынан түседі. Үлкен құлақты кішірейтеді, ал қалқан құлақтың жарғағының айналасындағы теріні кеседі. Сөйтіп тігіп тастайды.

БЕТ ӘЖІМДЕРІНЕН АРЫЛУҒА БОЛА МА?

Бет терісін күтіп, оны дер кезінде емдегенге қарамастан жас ұлғайған сайын тері өзінің сұлулығын жойып, терең де мол әжім пайда болады. Әсіресе, маңдайға, мұрын мен еріннің айналасына әжім мол түседі. Мойын да қатпарланады. Бұғақ пайда болады. Үстіңгі қабақ салбырап, көздің асты әжімденіп, көлкілдеп тұрады. Егер әжім түссе онда операция қажет.

Мұндай операциялардың тігісі көзге түсе бермейтін жерлерден түседі. Артық теріні тартып тұрып кесіп алады да, тігеді. Ал маңдайдағы әжімді кетіру үшін тігіс шаштың арасынан өтеді. Сондықтан ол тігіс көзге көрінбейді.

Бет терісі салбырап тұрса құлаққа қарай тартып, теріні кеседі де, артқы жағынан тігеді. Қабаққа жасағанда тігіс кірпіктің үстіндегі сызықтан өткендіктен, ол тіпті байқалмайды да.

Әжімге жасалған операцияны бірнеше жыл өткізіп барып тағы қайталайды.

Ал ұсақ әжімдерді кетіруге, терінің өңін ашуға операция көмектесе алмайды.

Ал операциядан кейін қоректендіретін кремдер жағып, жүйелі түрде күту қажет. Әр түрлі маскалар жасамаса, массаж жасауға болмайды.

Автор:
Әзірлеген Тау ШҰБАР