Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АСТАНАДА БАУЫР МЕН БҮЙРЕКТІ ШҰҒЫЛ АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ


16 августа 2013, 06:16 | 1 898 просмотров



Астанада бауыр мен бүйректі шұғыл ауыстыру бойынша күрделі операция сәтті өтті. Бұл туралы astana. kz сайтына Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығынан хабарлады.

Орталық жол ауруханасының және Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының жоғары білікті дәрігерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында 15 жасар қыз балаға, 45 жастағы ер адамға және 28 жастағы бойжеткенге шұғыл түрде ота жасалды.

«6 тамызда сағат 23.00-де Орталық жол ауруханасының дәрігерлері ми қан айналымының жіті бұзылуы диагнозымен 45 жастағы әйел адамның қайтыс болғанын белгіледі. Марқұмның жақын туыстары ағзаларды алуға келісімдерін берді. Орталық жол ауруханасының және Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының 12 дәрігерінен құралған бригада 10 сағат бойы екі ота жасады. Билиарлық цирроз диагнозы қойылған 15 жастағы қыз баланың бауыры ауыстырылды. Бұдан басқа, дәрігерлер 45 жастағы ер адамды да шұғыл түрде бауырын трансплантациялауға дайындады. Алайда, екінші бүйрекке тиісті реципиент Астанадан болмай шықты. Қыз бала Маңғыстау облысы Ақтаудан бірінші ұшақпен Астанаға ұшып келді, 6 сағаттан соң РЖМЖ ҒО дәрігерлері оған ота жасады», - дейді дәрігерлер.

Биыл РЖМЖ ҒО мамандары Орталық жол ауруханасындағы әріптестерімен екінші рет бірлесіп қызмет етті. Бірлескен жұмыс пен бірінші ауыстырып қондырудың нәтижесі - жетістіктің айғағы. Сол кезде 51 жастағы әйел адамға марқұмның жұбайының рұқсатымен мәйіт донорынан бауыр ауыстырып қондырылды. Қазір реципиент өзін жақсы сезінеді.

«Осы іспеттес операцияларды жүргізудің барысын жоспарланған деп атауға болмайды. Шындығында, бұл - шұғыл шаралар. Пациенттің ми өлімін белгілегеннен соң дәрігерлер оның туыстарынан басқа адамның өмірін сақтап қалуларын сұрайды. Рұқсат алу - трансплантологиядағы ең күрделі кезең», - дейді дәрігерлер.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ