Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАЛАЛАР ҚАНДАЙ АУРУҒА ЖИІ ШАЛДЫҒАДЫ?


16 августа 2013, 05:56 | 1 979 просмотров


Соңғы кездері дүниеге келген сәбилердің кемтар болып туылу мен 1 жасқа жетпей өліп кету жағдайы жиілеп кетті. Жаңа туған сәбидің өзі де білікті дәрігер мамандарының қарауында болады. Бірақ ауруға шалдыққан балалардың саны көбеймесе азаймауда. Нәрестелердің осындай аурулармен туылуның негізгі себебі - болашақ аналардың шылым шегу, алкогольдік ішімдік ішу мен нашақорлық сияқты жаман әдеттерге құмар болуында. Ана денсаулығы сау болса, сәби де дүниеге сау болып келеді. Бірақ оны ойлап уайымдап жатқандар кемде кем. Дүниеге сау болып келген баласының өмірін екпеден бастартып қатерге тігіп отырғандардың саны да аз емес. Бұл мәселе қазірде өзекті мәселеге айналып, парламент мүшелерімен талқылануда. Үйткені баланың түрлі жұқпалы да қатерлі ауруларға қарсы тұрудың бірден бір жолы екпеде екенін ұмытып, бала өмірін сұраққа қоя, сананы улаған ғаламтордағы жаңалықтарға сенім артқан ата- аналардың көбейіп бара жатқаны бәрімізді де алаңдатады. Теледидардан екпеден кейінгі балалардың белгісіз себептермен сал ауруына шалдыққандарын естігеннен кейін аналар сәбиін егуге апармайды. Бірақ бұл қадамның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Екпенің әр баланың ағзасына әр түрлі әсер ететіндігін есте сақтаған жөн. Осылайша балалар түрлі ауруларға шалдығып жатыр. Бұл мәселенің анық қанығына жету үшін дәрігер-педиатор Жүнісханова Жаннат Қалиқанқызымен кездестім.

-Балалар қандай ауруға жиі шалдығуда?

-Балалар қызылшамен(ветрянка), (краснухамен) жиі ауырады. Бірақ соңғы жылдары (краснухаға) қарсы егіп жатырмыз. Сол себепті балалар ауырмайды. Ол тек жүкті әйелдердің құрсағында көтеріп жүрген сәбиіне әсер етеді. Одан бала (парокпен) туылуы мүмкін.

- Ал жұқпалы аурулар ше?

- Бұндай оқиғалар сирек орын алады. Полемилитті шынымен де жұққызып жатыр. Көрші Өзбекстанда қаншама мұндай қайғылы жайғдайлар болған болатын. Өзіміздің Жамбыл облысында да дифтериямен бір бала ауырып қайтыс болды. Кейінен ол баланың егілмегендігі анықталды.

-Бұл ауруға шалдыққандар қандай ем қабылдайды?

-Дифтерияға қарсы өздерінің егетін дәрісі бар. Және де балабақшаға барып жүрген бала болса, сол мекемедегі балаларды түгелдей егу жұмысын жүргіземіз.

-Сіздің емделушілеріңіздің арасында осындай аурумен ауырғандар бар ма?

-Жоқ. Үйткені біз 100% егуге тырысамыз.

-Дана қазақ «аурудан жазылудың жолын іздегенше, ауырмайтын жолды ізде» деген. Осындай ауруларға шалдықпас үшін не істеу керек?

- Тек қана егілу керек. Егілген адам ешқашан ауырмайды.

- Сұхбаттасқаныңыз үшін рахмет.

Бұл мәселе кең ауқымда талқыланып келеді. Жыл сайын шет елдерден екпені сатып алып, егу үшін мемлекет қаншама қаражат бөледі. Заң бойынша әр бала мектеп жасына жеткенінше жас қосқан сайын барлық дәрігер мамандарынан тексерістен өтіп отырады. Бір сөзбен айтқанда дәрігерлердің қарауында жүреді. Осылайша уақыт өте келе медицина саласы дамып, аурулардың алдына-алуға мүмкіндік беруде. Тек кей аналар жоғарыда айтылғандай өз өмірімен қоса құрсағындағы баласының да өміріне салғырт қарайды да, туылған соң нәрестесінің кемтар не ауруға шалдыққанын естіп, балалар үйінің есігін қағады. Бар мәселенің түп түйіні осыған келіп тіреледі. Өз денсаулығың - өз қолыңда. Бірақ батысқа еліктеген жастарды, әсіресе жас аналарды бұл алаңдатпайтын сыңды. Теледидарда, ғаламторда көріп-естіп жатқан медицина салсына еш қатысы жоқ адамдардың екпе жайында айтқан ақылына жүгінгенше, дәрігерлердің сөзіне құлақ асып, дер кезінде екпе жасату керек. Мәселенің тиімді шешімі осы.

Балалардың жиі шалдығатын аурулардың барлығына дерлік қарсы екпе жұмысын жүргізеді. Егер де сәбиіңізді осындай жұқпалы да қатерлі аурулардан қорғаймын десеңіз, бірде-бір екпені қалдырмай егу жұмысын жүргізгеніңіз дұрыс. Үйткені балаңыздың сау болып өсуі сіздің қолыңызда.

Автор:
Әсем ЖҰМАҚАН №5 мектеп-лицейінің, 9 «а» сынып оқушысы Талдықорған қаласы