Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ


16 августа 2013, 05:55 | 3 342 просмотра


Мен Нақа Рыскул Сқалиқызы 19.03.1980 жылы қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келдім.

2007 жылы Талғар медициналық колледжіне акушерка мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы акушерка мамандығы бойынша диплом алып шықтым.

2003 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қайнар дәрігерлік амбулаториясына акушерка болып жұмысқа орналастым.

2004 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылының ауылдық емханасына ауысып, гинекология бөлімінде акушерка болып жұмыс істеп келемін.

1. 29.12.2006 маман сертификаты № 52-п бұйрығы бойынша

2. 08.04.2010№72-п жылы маман сертификаты және І санатты акушерка категориясын алдым.

2015 жылы жоғары санатты акушерка категориясын алу мақсатында «Жәрдем» газетіне мақала жариялауға өтініш білдіремін.

Табиғат әйелге ана болу бақытын сыйлаған. Мейірін қандырып бала емізіп отырған әйелден сұлу жан бар ма?! Өкіншке орай, әйел мүшелері ауруына сүт безі қатерлі ісі ауруы да кіреді.

Онкологиялық аурулардың ішінде – ең көп таралған түрі –емшек безінің қатерлі ісігі. Бұдан басқа да емшек безінің ауруларында (мастопатия, сары сулы ісік) жиі кездеседі.

Сүт безі қатерлі ісігінің дамуына не әкеліп соғады:

1. Ағзадағы гормондар деңгейінің бұзылуы;

2. Әйелдер жыныс мүшелерінің созылмалы ауруы;

3. Тұқымқуалаушылық;

4. Жиі күйзелістерге ұшырау;

Қатерлі ісіктің ерте білінетін белгілері:

1. Сүт безіндегі ауырмайтын байланған түйіннің болуы;

2. Түйін үстіндегі терінің тартылу;

3. Сүт безі мөлшерінің едәуір ұлғайуы;

4. Емшек ұшының тартылуы немесе қозғалмауы;

5. Терінің нақты бір жерінің қызаруы;

6. Қолтықтағы бір немесе бірнеше байланған түйіннің болуы;

7. Емшек ұшынан білітетін бөлінділер немесе потологиялық өзгерістер болуы;

Сүт безі қатерлі ісігінің дамуына әкеліп соғуы мүмкін аурулар:

1. Фиброздық кистоздық мастопатия;

2. Сүт безінің фиброаденомасы;

3. Эндокриндік жүйенің бұзылыстары;

4. Әйелдің жыныс органдарының созылмалы аурулары;

Ерте диагностика –сіздің өміріңізді сақтайды:

Дәрігер – мамологқа (сүт безі аурулары саласының маманына) уақтылы қаралу:

1. 35 жасқа дейін 2 жылда 1рет

2. 35 жастан кейін (жылына 1 рет қаралу керек)

3. 40 жастан кейін міндетті түрде маммографиялық тексеруден өту қажет, маман- маммологтың кеңесімен.

Маммографиялық тексерілу – ерте сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу кепілі. Қатерлі ісікті ерте айқындағанда 95 пайыз сырқаттан сауығып кетуге болады.

Әр бір әйел дені сау бала тууды армандайды!

Егер сіз келесі ұстанымдарды орындасаңыз, бұл арманыңыз орындалады:

1. Әрбір баланың туылуын жоспарлаңыз

2. Емдеу-профилактикалық мекемесінде жүктілік бойынша есепке(жүктіліктің 12 аптасына дейінгі мерзімде )дер кезінде тұрыңыз.

3. Медецина қызыметкерінің сауықтыру бойынша тағайындаған барлық ұстанымдарын орындаңыз.

Автор:
Рыскул НАҚА Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы