Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕЛІМІЗДЕ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР


9 августа 2013, 06:49 | 1 341 просмотр



Елімізде 28 шілдеден бастап вирустық гепатиттермен күрес айлығы басталды. 28 тамызға дейін жалғасып, вирустық гепатиттердің алдын алуға бағытталған шара 28 шілде - дүниежүзілік гепатитпен күрес күніне орайластырылған. Бұл туралы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметінен хабарланды.

Айлық аясында республиканың барлық өңірінде халықпен вирустық гепатиттің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу, медицина қызметкерлері үшін оқыту семинарларын, медициналық мекемелерде «ашық есік күндерін» өткізу және халықты скринингтік тексеру (тәуекел топтары бойынша) жоспарланған.

«Вирустық гепатиттер - A, B, C, D және E гепатиттері атауымен белгілі жұқпалы аурулар тобы. Әлемде миллиондаған адам гепатит вирустарының бірін жұқтырған. Ол созылмалы немесе өткір инфекция тудырады, жыл сайын бұл індеттен 1,4 млн адам көз жұмады», - делінген баспасөз баянында.

А және В вирустық гепатиттерін вакцина пайдалану арқылы тежеуге болады. Қазақстанда бұл вирустарға қарсы егу жұмыстары республикалық профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесі бойынша бала туғаннан кейін алғашқы күндері жүргізіледі.

Автор:
Қанат МӘМЕТҚАЗЫҰЛЫ