Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

400 ТОННА САПАСЫЗ АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫЛЫМНАН ШЫҒАРЫЛҒАН


9 августа 2013, 06:48 | 1 480 просмотров



Бұл турасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

«Біз Қазақстанға әкелінетін және осында өндірілетін өнімдерге тұрақты мониторинг жүргізіп тұрамыз. Мониторинг барысында үстіміздегі жылдың жартыжылдығының қортындысы бойынша 400 тонна азық-түлік саудадан алынып тасталып, жойылды. Негізінен бұл микробиологиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық нормаларға сәйкес келмеген, сапасын растайтын құжаттары жоқ азық- түліктер», - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі барлық қажетті инфрақұрылымға және азық-түліктің сапасын анықтайтын, бұрмаланған өнімдерді табатын құрал-жабдықтарға ие екенін атап өтті.

6 АЙДА «А» ЖӘНЕ «В» ГЕПАТИТТЕРІМЕН НАУҚАСТАНУ ТӨМЕНДЕГЕН

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше «А» жәлне «В» гепатиттерімен науқастану бойынша айтарлықтай төмендеу байқалған. 6 айда «А» гепатитімен науқастану 39%-ға, «В» гепатитімен науқастану 15%-ға азайған.Бұдан өзге, вакциналаудың арқасында «В» гепатиті жалпы ересектер арасында 24 есеге, ал балалар арасында 52 есеге азайған.

Бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, 21 инфекцияға қарсы иммундық профилактика жүргізуге мемлекет жыл сайын 12-15 млрд теңге бөледі.

Қазақстанның алты азаматы Таиландта Денге безгегін жұқтырған

Денге безгегін жұқтырған алты қазақстандықтың ағымдағы жылы Таиландта болғандығы анықталып отыр. Безгекке шалдыққан алты адам да Алматы қаласының тұрғындары. Олардың төртеуіндегі ауру белгісін әуежайдағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі анықтаса, екеуі дәрігерге барғанда белгілі болған.

«Барлық алты науқас дер кезінде оқшауландырылып, уақтылы ем-дом қабылдап үлгерді», - деген Ж. Бекшин жазғы демалыстың қызған уақытында шетелде демалатындардың өздері таңдаған елдегі санитарлық жағдайға баса мән беру керектігін баса айтты.

Ескерте кететін жайт, қазіргі таңда Таиландта осы сырқат түрлерімен ауырғандардың саны 40 мыңға жуықтаған.

ҒАЛЫМДАР ЕҢ ПАЙДАЛЫ ЖЕМІС ТҮРІН АНЫҚТАДЫ

Пайдалы дәрумендерден құрылған сүйекті жемістердің ішінде өрік ең пайдалы жеміс деп танылды, деп хабарлайды Росбалт. Алайда асқазан жарасы, гастритпен, сонымен қатар қант диабетімен ауыратын адамдар өрікті аз пайдаланған жөн.

Өрік құрамында күміс, темір, минералды тұздар, инсулин және А дәрумені, В, С топтары, сонымен қатар лимон, салицил, шарап, алма қышқылдары бар.

Зерттеулер нәтижесі бойынша өрік ағзаның асқорыту және жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады. Сонымен бірге бұл жеміс өкпе, асқазан обыры сияқты обырдың бірнеше түрлерінің алдын алады. Ғалымдардың айтуынша, жемістің құрамында жоғары мөлшерде каротин болуы обырды болдырмайды.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ