Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ- ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ТӘРТІБІНІҢ АУРУХАНАІШІЛІК ЖҰҚПАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУДАҒЫ МАҢЫЗЫ


9 августа 2013, 06:35 | 5 921 просмотр


Микроорганизмдердің табиғатта кеңінен таралғаны 17 ғасырдың аяғында белгілі болды. Олар ауада, топырақта, қоршаған орта нысаналарында, біздің арғзамызда және өсімдік әлемі мен жануарлар организмінде өмір сүреді.

Өздеріңізге белгілі, микроорганизмдерден әр түрлі жұқпалы аурулар туындайды. Жұқпалы аурулардың пайда болуына және дамуына негізгі үш нәрсе болуы тиіс:

-қоздырғыш көзі

-таралу жолдары

-қабылдаушы организм.

Жұқпалы аурлардың қоршаған орта нысаналары арқылы таралуын болдырмау үшін, дезинфекция жасалуы тиіс.

Дезинфекция ең басты жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін және алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Негізінде дезинфекция профилактикалық және ошақтық деп екіге бөлінеді. Ошақтық өз кезегінде ағымды және қортындыға бөлінеді.

Профилактикалық дезинфекция – адамды жұқтыру мүмкіндігінен қорғау үшін үнемі жүргізіледі.

Ағымды дезинфекция науқас болған жерде, барлық сырқаттану кезеңінде жүргізіледі. Науқаспен жанасқан барлық заттар, сонымен қатар қол залалсыздандыруға жатады.

Қортынды дезинфекция - науқасты оқшауландырғанннан, жазылғаннан кейін немесе науқас қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі. Аса қауіпті жұқпалар, эпидемиялық бөртпе сүзек, КУ қызба, вирусты геморрагиялық қызба, сальмонеллез, дифтерия, дерматомикоздар ошақтарында міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Егерде дезинфекция сапалы жүргізілсе, онда жұқпалар қайталап тіркелмейді.

Медициналық тәжірибеде залалсыздандыру-зарарсыздандыру шараларының сапасыз жүргізілуі, дұрыс ұйымдастырылмауы, сонымен қатар әсері төмен залалсыздандыру құралдарын пайдалану және медициналық мамандардың төмен дайындығы ауруханаішілік жұқпаның таралуына алып келеді.

Вирусты гепатит «В», «С», сальмонеллез, жатыр ішілік жұқпа, іріңді септикалық жұқпа және аурулармен туындайтын аурухана ішілік жұқпаның алдын алу үшін, барлық емдік алдын- алу мекемелерінде залалсыздандыру-зарарсыздандыру тәртібін және мед. қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақтаудың мәні зор. Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу үшін МСЭҚБ мамандарымен халыққа қызмет көрсететін 86 емдік алдын-алу мекемелерінде зертханалық зерттеулерді қолдана отырып, үнемі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі. Қазіргі таңда стационарлар мен емханаларда госпитальды эпидемиологтар жұмыс атқарады. Аурухана ішілік жұқпаны тіркеу және уақытылы есепке алуды толығымен ұйымдастыру мақсатында, алдыменен қауіп-қатер бөлімдерінде (туу, хирургиялық, жансақтау, гематология) дәрігерлермен госпитальды жұқпаларды белсенді анықтау жұмысы жүргізіледі. Микробиологиялық зертхананың шайындыларының нәтижесі, температуралық парақтардың, ауру тарихы, патологоанотомиялық бөлімнің есептері бойынша үнемі талдау жасалады. Аурухана ішілік жұқпаны анықтаған уақытта МСЭҚБ мамандарымен эпидемияға қарсы шараларды жүргізу және қоздырғыш көзін, таралу жолдарын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіледі.

Автор:
Е. ӘСЕМҚҰЛОВ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы- Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Талдықорған қаласы.