Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

65 МЫҢ 844 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЕСЕПТЕ ТҰР


28 июня 2013, 10:19 | 2 280 просмотров



Осы басқосуда Денсаулық сақтау вице- министрі Ерік Байжүнісов осылай мәлім етті. Еске салсақ, комитет отырысында «Қиын өмір жағдайындағы балалар мен жастар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін өзгерту үшін жағдайлар жасау» мәселесі талқыланған еді.

«Денсаулық сақтау саласындағы мәліметтерге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балалар құрылымында бірінші орында жарымжандыққа ұшырататын туа біткен ақаулар, екінші орында жүйке аурулары, ал үшінші кезекте психикалық бұзылу аурулары тұр. Біз осы басты үш бағытпен жұмысты белсенді түрде арттырып келеміз», - дейді Е.Байжүнісов.

Оның айтуынша, аталған бағыттағы басты мәселе кемтарлыққа соқтыратын ауру түрлерін ерте бастан анықтау болып отыр. Бұдан соң, медициналық көмекті, оның ішінде жоғары білікті жәрдемді дер кезінде көрсету жұмыстарының маңызы зор. Үшінші тиімді бағыт осы санатты сапалы дәрі-дәрмекпен тиімді қамтамасыз ету. «Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтер мен оңалту бағдарламаларының да маңызы зор. Біз «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы бағыттарға баса мән беріп келеміз», - дейді Е. Байжүнісов.

Автор:
ҚР ДСМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ