Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ АУРУХАНАҒА НАУҚАСТЫ ЖАТҚЫЗУ ТӘРТІБІ


28 июня 2013, 10:15 | 2 086 просмотров



Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі дәрілік заттар туралы ақпараттың сапасы мен объективтілігіне көп көңіл бөлуде. Осыған байланысты 2011 жылы еліміздің барлық аймақтарында Дәрі-дәрмек ақпараттық орталықтар ашылды.

2011 жылдың желтоқсан айында тұрғындар мен медициналық қызметкерлердің дәрілік заттарға байланысты сұрақтарына жауап беретін 8 800 080 8887 – тегін телефон желісі өз қызметін бастады.2012 жылдың алғашқы 2 айында Дәрі-дәрмек ақпараттық орталық (ДАО) 3,5 мың қазақстандыққа кеңес берді.

Түскен сұраныстарға жүргізілген мониторинг бойынша, сұрақтардың басым бөлігі дәрілік заттың құны және қалай қолдану керектігі жайында болса, тегін берілетін дәрілік заттар мен жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылу тәртібі бойынша сұрақтар да сирек емес. Бұл сұрақтар, 2011-2015 жылдарға жоспарланған «Саламаты Қазақстан» атты Мемлекеттік бағдарлама аумағында болғандықтан, ДАО емдеуге жатқызу бюросының Республикалық порталымен бірлесіп, стационарлық көмекті алудың сатылы алгоритімін назарларыңызға ұсынады.

Баршаға мәлім 2010 жылдың 1 қаңтарында енгізілген Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесі біздің еліміздің тұрғындарына емхананы, аурухананы, бөлімшелік дәрігерді өз еркімен таңдауға мүмкіндік береді. Емханаға тіркелу жылына 1 рет жүргізіледі.

Ем жоспарлы түрде жүргізілетін болса, науқас қандай клиникада емделетінін бөлімшелік дәрігермен бірлесе отырып шешеді. Және де науқастың сырқатының күрделілігіне байланысты, астаналық клиникаларда не болмаса басқа обылыс клиникалаларында да, емделуге де мүмкіндігі бар.

Жоспарлы түрде ауруханаға науқасты жатқызу тәртібі?

1 саты.Пациент өзі қалаған стационарды таңдайды.

2 саты.Пациент өзі тіркелген аймақтық емхананың емдеуші дәрігеріне барып, қажетті деген зерттеу әдістерін жасатуы қажет.

3 саты.Бөлімшелік дәрігер бөлім меңгерушісімен бірлесе отырып, ауруханаға жатқызылудың қаншалықты қажет екендігін анықтайды.Госпитализацияға берілген жолдама негізделген болуы керек.

4 саты.Егер госпитализацияға көрсеткіш болса, емханадағы госпитализация бюросына жауапты маман, науқасқа қажетті профильдегі стационарлардың қайсысында бос орындар бар екендігі туралы мәлімет береді. Пациент стационарға жатпас бұрын, алдын ала қажетті деген зерттеулерден өтуі керек.

5 саты.Таңдау жасалынған стационарда бос орындар болған болса, емхана госпитализацияның жоспарланған күнін анықтайды.

6 саты. Емхананың қызметкерлері порталға госпитализацияны қажет еткен науқасының мәліметтерін жібереді. Науқас порталға тіркелген соң, оған автоматты түрде госпитализациялану коды беріледі.

7 саты.Стационар емхананың тағайындаған күнімен келіспеуі де мүмкін, оларға науқастар тек жоспарлы түрде ғана емес, сонымен қоса шұғыл түсуі де мүмкін. Сондықтан олар басқа күнді тағайындауы мүмкін.

8 саты. Емхананың мамандары госпитализацияның нақты күні анықталған соң, госпитализациялану талонын шығарып, науқасқа ұсынады.

9 саты. Науқас қалаған стационарына госпитализация тағайындалған күні жолдамасы мен талонын алып келуі керек.

10 саты. Науқас қалаған стационарына қатаң түрде госпитализация тағайындалған күні баруы қажет. Бара алмай қалған жағдай болса (басқа шұғыл дамыған аурулары болса, жол жүріп кетсе не болмаса жолға билет болмай қалған жағдайларда) өзінің бөлімшелік дәрігерін ескертуі керек.

Қазақстандықтар еліміздің стационарларында бос орындардың бар жоғын, егер жолдамасының коды болса госпитализация кезегін мына сайттан қарауларына болады: www. bg.eisz.kz.

Айта кететін жағдай, дәрігерлік құпияны сақтау үшін, жолдамада көрсетілген науқастың тегі күту парағында көрсетілмейді.

Порталды енгізудің негізгі мақсаты:

1. Медициналық мекемені таңдауда пациенттің хұқын қорғау.

2. ТМККК шеңберінде жоспарлы госпитализацияланудың тазалығын қамтамасыз ету.

3. Жоспарлы түрдегі госпитализацияға адамның қатысын азайтып, үрдісті автоматтандыу.

Нақты ақпарат www.bg.eisz.kzсайтында,және ДАО www.druginfo.kzсайтының «Пациенттер үшін/Маңызды ақпарат» рубрикасында көрсетілген.

Дәрі-дәрмек ақпараттық орталық тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша пациенттердің құқығы туралы ақпарат ұсынады, сонымен қоса, дәрілік заттарды ұтымды, тиімді, қолдану және жанама әсерлері туралы мәлімет береді.

Біз барша дамыған елдер мойындаған халықаралық дәлелді медицина көздерін, тәуелсіз, ешкімге бағынбайтын, коммерциялық мақсат көздемейтін мәліметтер базасын қолданамыз. Мысалы, Британияның ұлттық формуляры, Medline, халықаралық Кокран бірлестігінің мәліметтері. Яғни дәрілік заттарды қолдану жайындағы ақпараттарды беделді ресурстардан аламыз.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

Тұрғындар және медицина қызметкерлеріне арналған бірыңғай тегін телефон желісіне қоңырау шалыңыз – 8 800 080 88 87.

Мекенжайы: Талдыкорган қ., Желтоксан көшесі, 205-үй, тел.: 8 (7282) 400531,390078

ҚР ДСМ «ДСДРО» РМК

Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығы

Автор:
Портал Бюро Госпитализации ГКП на ПХВ «Сарканская ЦРБ» ГУ