Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕКПЕ ЕМ БЕ, ӘЛДЕ ДЕРТ ПЕ?


28 июня 2013, 10:13 | 2 336 просмотров


Қазіргі таңда бұрын соңды естіп көрмеген түрлі жұқпалы аурулар шығып адам өміріне қауіп төндіріп жатқандары жасырын емес. Ал дәріханалардың сөресінде тұрған дәрілердің бәрі бірдей ем бола бермейді. «Арудан жазылудың жолын іздегенше, ауырмайтын жолды ізде» деген дана қазақ. Қазірде осы аурулардан сақтанудың жолы алдын-ала салынған екпе болып отыр. Бірақ соңғы кездері екпеден кейін балалар сал ауруына шалдыққандары кездесіп жатыр. Мысалы, 2013 жылдың ақпан айында Ресейдің Екатеринбург қаласында 5 жастағы сәби балабақшада салынған тұмауға қарсы екпеден кейін сал болып қалғаны белгілі болды. Бұндай жағдайлар біздің елде де тіркелген. Астанада 1 жастағы сәбидің ата-анасы жоспарлы екпеден дейін кейін баламыз мүгедек болды деген еді. Кішкентай нәрестеге дәрігерлер әлі күнге дейін нақты диагноз қоя алмай отыр. Бір айтары сәбидің нерв жүйесі зақымданған. Ирландия, Норвегия, Швецияда балалардың нарколепсия ауруына шалдығуы жиілеп кетті. Осыдан 2 жыл бұрын науқас балалардың барлығына құс тұмауынан екпе салынған көрінеді. Оның үстіне ғаламторда балаларға екпе салу туралы жантүршігерлік ақпараттар бар. Тіпті балаларға салынатын екпені –геноцид құралы делінген.

Ғаламторда жазылған түрлі пікілерден, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетіп, жазылып жатқан осындай оқиғалардан кейін ата-аналардың кейбірі балаларына екпе жасатудан бастартуда. Мамыр айында Атыраулық ата-аналар сәбилеріне екпе салдыртудан бас тарты деген ақпарат жария болған еді. Мыңға жуық сәбилерге екпе салынбады деп мәлімдеген еді қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Еркін Сабиров. Оның айтуынша, бұл құбылыс 2011-жылдан басталды. Жыл басынан бері Атырау қаласында 99 балаға екпе салынбапты.

Осы оқиғалардың анық-қанығына жету үшін Талдықорған тұрғындарынан екпе жайында пікірін сұрап білдім.

-Екпе жасату қажет деп есептейсіз бе?

-Екпе жасату керек. Екпеден кейін балалардың сал ауруына шалдығып жатқандарын естіп жатырмыз. Бірақ Құдайға, шүкір ондай жағдайға әлі кезігіп көрмедік.

-Балаңызға үнемі екпе жасатасыз ба?

-Иә, қалдырмай екпе салдырып жүрміз.

Ата-аналардың көбі сақтық ретінде балаларына екпе жасататындығын айтып өтті. Сауал қойған аналар ішінде екпе салдырудан бастартқандарды кезіктірмедім. Дегенмен осындай екпеден кейінгі балалардың белгісіз себептермен сал ауруына шалдығып жатқандарын естіп, екпе салдыруға жүрексінетіндерін жасырмады. Дәрігер-педиатор Жүнісханова Жаннат Қалиқанқызы да емделушілері арасында екпеден бастартып жатқандардың барын айтып өтті.

-Балаларға екпе жасату қажет пе?

-Екпе қатерлі аурулардың алдына алу мақсатында жүргізіледі. Сол себепті ол өте қажет.

-Оның белгіленген мөлшері қандай?

-Баланың инфекцияға қарсы имунитет алатындай 0,5 дозада салынады.

-Қанша жас аралығында жүргізіледі?

-Дүниеге шыр етіп келе салысымен 12 жасқа дейінгі аралықта.

-Қазіргі кезде екпеден кейін балалар белгісіз себептермен сал ауруларына шалдығып жатыр. Бұл екпенің әсерінен бе?

-Менің ойымша, бұл екпеден емес. Ата-аналар екі айында алған екпеден кейін сал ауруына шалдықты деп жатады. Ал шындығында ол бала солай туған. Ауру өз белгілерін бірден көрсетпейді. Вакцина- ол имунитет. Баланың екпенің әсерінен ауруға шалдығуы мүмкін емес.

-Ресейлік мамандар екпесіз-ақ имунитет ауруға төтеп бере алады деген пікір айтуда. Бұл мүмкін бе?

-Шындыққа жанаспайтын пікір. Бұл ауруларға бала имунитеті төтеп баре алмайды.

-Осындай түрлі жағдайлардан кейін ата-аналар балаларына екпе жасатуға жүрексінеді. Емделушілеріңіз арасында екпеден бастартқандары болды ма?

-Қазірде бастартып жатқандардың саны көбейіп кетті. Бұрында 100% егілетін, ал қазір 2-3% егілмейді. Түркменстан мен Тәжікстанда да 100% егілмейді. Үйткені халық шет елдерге көп шығады. Түрлі жұқпалы да қатерлі ауруларды жұқтырып алу қауіпі де көп. Сондықтан екпе алу керек. Балалардың түгелдей егілмейтіндігінің себебі: осы ғаламтор мен теледидарда көрсетіп жатқан медицинаға еш қатысы жоқ адамдардың екпеге қарсы айтқан пікірлерінің арқасы деп түсінемін. Дәрігер ешқашан екпе салмаңдар деп айтпайды.

Еліміздегі дәрігерлердің бір ауыздан екпеге деген оң көзқарастарын білдіріп жатыр. Бірақ ресейлік мамандар бала өзінің имунитеті арқылы екпесіз-ақ ауруға төтеп бере алады деген болжам айтуда. Әйткенмен жоғарыда өздеріңіз көргендеріңіздей Жаннат Қалиқанқызы бұл болжамды жоққа шығарды. Елімізде бұндай дәрілер жасалмайтындықтан жыл сайын екпе сатып алу үшін қаншама қаражат жұмсалады. Дегенмен өмірдің есігін енді ғана ашқан сәбилердің сал ауруына шалдығып жатқандарының саны соңғы кездері жиілеп кетті. Оның себебін екпеден көруге де негіз бар. Үйткені тек екпеден кейін ғана осы аурудың алғашқы белгілері көріне бастаған. Ал дәрігерлер бұндай жағдайда бұны туа біткен ауру деп екпенің себебінен дегенді теріске шығаруда. Қалай болса да баласын екпеге апара жатқан ананың бауыр еті баласы үшін жүрегінде үрей мен қорқыныш болады. Ал егілмгендердің де сау болып жүргені жоқ. Дәрігер Жаннат Қалиқанқызы мысал ретінде Жамбыл облысындағы егілмеген баланың дифтерия ауруынан өлгенің айтып өтті. Екпенің әр балаға әр түрлі әсер ететіндігін де еске сақтаған жөн. Бала өміріне қатер төндіретін ауруларды алдына алу мақсатында екпе салған дұрыс. Әйтсе де таңдау өздеріңіздің қолдарыңыда.

Автор:
Әсем ЖҰМАҚАН, №5 мектеп-лицейінің оқушысы Талдықорған қаласы