Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Денсаулық сақтау министрі Ж. А. Досқалиев: Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылдың жұмыс қорытындылары


14 января 2010, 23:52 | 2 465 просмотров



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес медициналық көмек сапасын арттыру, саланы қоғам қажеттілігіне сай білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша және басқа да іс-шаралар жүргізілуде.

Технологиялардың және дәлелді медицина принциптеріне негізделген әдістерді кең қолдану мақсатында 10 ғылыми ұйымда дәлелді медицина орталықтары құрылды. GSP,GLP,GCP стандарттары бойынша ғылыми қызметкерлердің сертификациясы өткізіліп жатыр.

Медициналық және фармацевтикалық білімнің сапасын арттыру мақсатында 2009 жылы бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру саласын реформалау тұжырымдамасын іске асыру жалғаcуда.

Денсаулық сақтау саласындағы 14 мыңнан астам кадрдың ел ішінде, 200-ден астам маманның шетелдің жетекші медициналық орталықтарында біліктіліктерін арттыруға, Қазақстанға 38 жетекші шетел мамандарын тартуға арналған мемлекеттік тапсырыс бекітілді.

Мәселен, ел ішінде кардиохирургиялық бейіндегі мамандарға арналған мастер-кластар өткізу үшін Ақмола, Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарындағы кардиохирургиялық орталықтар базасына Литваның, Израильдің жетекші кардиохирургтері шақырылды.

Соңғы 2 жылда Колумбия университеті мен Вирджиния Достық университетінде (АҚШ) денсаулық сақтау саласындағы зерттеулердің менеджменті бойынша 40 жас қазақстандық ғалым оқып білім алған. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының және Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің базаларында Флорида штаты Университетінің және Колумбия университетінің (АҚШ) профессорлары тартыла отырып, Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарының ғылыми қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауына (Жол картасы) сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала берілген өтінімдер бойынша республикалық бюджеттен облыстық, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрігер мен орта медициналық білімі бар қызметкерлерді қайта даярлауға арналған нысаналы ағымдағы трансферттер бөлді. «Кадрларды қайта даярлау үшін облыстық, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінетін нысаналы ағымдағы трансферттер» атты 078 бюджеттік бағдарлама бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім жасалды. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар медициналық білім беру ұйымдарымен денсаулық сақтау саласына қайтып келген мамандарды, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерінің түлектерін оқытуға шарт жасасты. Есептік кезеңде медициналық білімі бар 1481 маман оқуға жіберілді.

Жасалып жатқан шараларға қарамастан, бірқатар әлеуметтік себептерге байланысты қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында кадрлар жетіспеушілігі мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Мүдделі органдармен бірге кадрлар жетіспеушілігін азайтудың мынадай тетіктері әзірленді:

– медициналық мамандықтар бойынша даярлауға арналған квоталарды анықтау (2008 жылғы шілдеден бері қолданыста);

– жоғары қызметақылар мен тарифтік мөлшерлерді белгілеу (2009 жылғы қаңтардан бері қолданыста);

– бірмезгілдік көтермелеу жәрдемақыларын төлеу (2009 жылғы тамыздан бері қолданыста);

– тұрғын үй алуға әлеуметтік қолдау – бюджеттік несие беру (2010 жылғы қаңтардан бері қолданысқа енгізіледі).

ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңында көзделген шаралардан өзге ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде медициналық кадрларды әлеуметтік қолдау шаралары көзделген.

Министрлік Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне (БҰДСЖ) қатысушы 75 мемлекеттік мекемені мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға аудару жұмыстарын жүргізді.

Ана мен бала өлім-жітімін азайту мақсатында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін азайтудың 2008 – 2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жалғасуда. Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында халықаралық технологияларды есепке ала отырып, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

2008 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін азайту үшін Республикалық штаб құрылып, жұмыс істеуде. Штабтың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Штабтың 11 отырысы, оның ішінде Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдері орынбасарларының қатысуымен 3 кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

2009 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес кеңейтілген алқа отырысы өткізілді. 2009 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандар және олардың құқығын қорғау ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісінде «ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында дені сау балалар кабинетін ашу және қалпына келтірудің жағдайы және қабылданған шаралар туралы» мәселе қаралды. 2009 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласында азаматтардың ұрпақты болу құқығын қорғау саласындағы заңнама мәселелері жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» фракциясының әлеуметтік кеңесінің отырысы өткізілді. 2009 жылғы 11 маусымда балаларға сурдологиялық көмек көрсету мәселелері жөнінде ҚР Парламентінің Мәжілісінде «дөңгелек үстел» өткізілді.

2010 жылға тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне экстракорпоралдық ұрықтандыру шығыстары енгізіліп, балаларды кохлеардық имплантаттау шығыстары қолдау тапты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен келісе отырып, «100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасының шеңберінде 2007–2009 жылдарда салуға жоспарланатын 103 денсаулық сақтау объектісінің тізбесін жасаған болатын, олардың 99-ы жергілікті және 4 республикалық маңызы бар объектілер.

2008 жылы жергілікті маңызы бар 6 объектінің құрылысы аяқталды, олар:

•Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Ойыл ауылындағы орталық аудандық аурухана;

•Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы туберкулез ауруханасы;

•Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кентіндегі аудандық емхана;

•Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы туберкулез ауруханасы;

•Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы облыстық қан орталығы;

•Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы қалалық емхана.

2009 жылы 10 объектіні іске қосу күтілуде, оның ішінде:

1) 4 объект мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актілерімен пайдалануға қабылданды, олар: Ақтөбе облысы (1 объект 2009 жылы 28 қазанда қабылданды); Астана қаласы (1 объект пайдалануға қабылданды); Батыс Қазақстан облысы (1 объект 2009 жылы 30 қыркүйекте қабылданды, № 59); Маңғыстау облысы (1 объект 2009 жылы 26 қазанда қабылданды, № 67).

2) 6 объект бойынша қабылдау комиссиясы жұмыс жүргізуде және жылдың соңына дейін оларды іске қосу жоспарланып отыр: Ақтөбе облысы (1 объект бойынша); Қарағанды облысы (2 объект бойынша); Павлодар облысы ( 2 объект бойынша); Солтүстік Қазақстан облысы (1 объект бойынша).

3) Астана қаласында Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы (оң жағы) амбулаториялық-емхана кешені бойынша (бір ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, бір ауысымда 150 адам қабылдайтын балалар емханасы) ЖСҚ түзетілгендіктен, 360 млн. теңге игерілмеді, осыған байланысты объектіні пайдалануға беру 2009 жылдан 2010 жылға ауыстырылады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде 2010 жылы 45 объектіні, 2011 жылы 8 объектіні аяқтау жоспарланып отыр.

Республикалық бюджеттік комиссияның (РБК) 2009 жылғы 26 тамыздағы шешімімен 34 объектінің құрылысын қаржыландыруды бастау мерзімі 2012 жылға және одан кейінгі жылдарға ауыстырылды, бұл жергілікті маңызы бар 30 объект және республикалық маңызы бар 4 объект.

Республикалық маңызы бар 3 объект бойынша биылғы жылы ЖСҚ жобалау аяқталады, олардың ішінде:

•Қарағанды қаласындағы Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Алматы қаласындағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті бойынша ЖСҚ Құрылыс агенттігінде бекітуде жатыр.

– Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Қазақ мемлекеттік медицина академиясының ЖСҚ бойынша: Қазіргі уақытта объектінің жобалау жұмыстары «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК аумағында (Абылайхан даңғылының бойында) жүргізілуде.

«100 аурухана салу» жобасын іске асыру ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында және жобаны іске асырудың мониторингі мен талдау бойынша жұмыс жалғасады.

Дәрілік заттармен қамтамасыз етудің жаңа нысанын енгізу бойынша Елбасының тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберін-

де мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде дәрілік заттардың бірыңғай дистрибуциясы жүйесін құру және енгізу жобасын ұсынған.

Тұтастай алғанда, дәрілік заттардың бірыңғай дистрибуциясын енгізу сатып алу схемаларының айқындығын, көліктік және қоймалық логистикасының тиімділік жүйесін құруды, дәрілік заттарды сатып алу бойынша тиісті практика стандарттарына сәйкес дәрілік заттарды дистрибуциялаудың автоматтандыру жүйесін енгізуді көздейді.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі мен көлемін белгілейді және денсаулық сақтау басқармаларымен келіседі.

Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды сатып алады, үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті көлемді сақтайды және апта сайын денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізеді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2009 жылы жобаны пилоттық түрде іске асыру үшін Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуы тиіс 27 атаудан тұратын дәрілік заттардың тізімін әзірлеп, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекіткен. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу ережесіне Бірыңғай дистрибьютордан дәрілік затарды сатып алу рәсімі бөлігі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «СК-Фармация» ЖШС 2009 жылдың екінші жартыжылдығына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі дәрілік заттардың 27 атауын сатып алу бойынша алғашқы ашық конкурс өткізілді. Дәрілік заттарды сатып алу бойынша ашық конкурсқа 16 компания қатысты, олар дистрибьюторлардың және дәрілік заттарды өндірушілердің өкілдері. Өткен конкурстар нәтижесі бойынша екінші жартыжылдыққа сатып алынған дәрілік заттардың жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгені құрады, жоспарланған сома 1,8 млрд. теңге. Бұл ретте қазақстандық өнім берушілерден сатып алынған сома 749 746 мың теңге, немесе сатып алудың барлық сомасының 69%. Үнемделген жалпы сома 739 752 мың теңгені құрады (40% жуық мөлшерінде).

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс-

тардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларында Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері қызметкерлерін енгізу арқылы жұмысшы топтың құрамы белгіленіп, денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарында медициналық жабдықтар паркінің ішкі аудитін жүргізу ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, жыл басынан бері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген талаптарына, Шарт талаптарына сәйкестігін растау үшін республикалық бюджет есебінен сатып алынған, жеткізілетін медициналық жабдықтардың техникалық бақылауын ұйымдастыру тәртібі бекітілген және бұл төңіректе жұмыстар жүргізілуде.

2010 жылы медициналық жабдықты 038 бюджеттік бағдарлама бойынша 13 400,0 млн. теңгеге, 022 бағдарлама бюджеттік бойынша – 3 600 млн. теңгеге сатып алу жоспарлануда. Жарақтандыру туберкулез, ана мен баланы қорғау, кардиохирургия және онкология – басымды бағыттар бойынша іске асырылатын болады.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудың орнықты жүйесін қалыптастыру үшін денсаулық сақтау ұйымдарын ак-

кредиттеу енгізілуде. Аккредиттеуді дамыту мақсатында денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесі, жоғары мамандандырылған, стационарлық, консультациялық – диагностикалық, стоматологиялық және шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу стандарттары әзірленіп, бекітілді. 2009 жылғы тамыз айынан бастап аккредиттеуден өтуге медициналық ұйымдардан 1404 өтініш берілді. Бүгінгі таңда 3 жыл мерзіміне- 8 және 1 жыл мерзіміне- 1328 медициналық ұйым аккредиттелді.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (БҰДСЖ) тұжырымдамасын, медициналық ұйымдардың қызметін оңтайландыру, медициналық көмектің сапасын және оның уақтылы көрсетілуін іске асыру мақсатында стационарлық және стационарды алмастырушы көмек шеңберінде психиатриялық, жұқпалы аурулар, туберкулезден басқа ауруларды емдеу үшін Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін бірыңғай төлеуші жүйесін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап құру көзделген («Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 тамыздағы №1174 қаулысы).

Мыналар осы тұжырымдаманың негізгі құрылымы болып табылады: пациенттің медициналық ұйымды және дәрігерді еркін таңдауы, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастыру, медициналық қызметтің айқындығы, медициналық -экономикалық хаттамаларды енгізу арқылы емделген жағдайды нақты жұмсалған шығындарға сәйкес төлеу, қымбат стационарлық көмектің көлемін азайту және стационарды алмастыру технологияларын дамыту есебінен бюджет қаражатын тиімді пайдалану.

2010 жылғы 1 қаңтарынан бастап Бірың-

ғай төлеуші жүйесін енгізуге байланысты 2009 жылы мемлекеттік мекемелер мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта құрылды. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дербестігін және бәсекелестік қаблеттілігін арттыру, сондай-ақ қазіргі заманғы менеджментті енгізу мақсатында олардың құқықтық ұйымдастыру нысандары шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға ауыстыру түрінде кезең– кезеңімен өзгертіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін бірыңғай төлеуші жүйесін енгізу мақсатында Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті және Республикалық ақпараттық талдау орталығы құрылды.

Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету мәселесі бойынша өңірлерге ұйымдастырушылық– консультативтік көмекті үйлестіру және көрсету бойынша «шұғыл желі» ұйымдастыра отырып, Үйлестіру штабын құрды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысымен аумақтардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары әкімдер қарамағынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағына берілді.Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын әзірлеу шеңберінде Кеден одағының санитариялық шаралары жөніндегі келісімі әзірленді және қабылданды.

Халықтың иммундық профилактикасын жетілдіру жөнінде іс-шаралар ұсынылды.

Халықты жаппай иммундау компаниясы жүргізілді. Жүргізу барысында 8 жастан 14 жасқа дейін 1,5 млн. бала қызамыққа қарсы егілді.

Әлемде және ТМД елдерінде А (Н1N1) пандемиялық тұмау ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуларына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерімен Қазақстан Республикасында А (Н1N1) тұмауының пайда болуын және таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары (2009 жылғы 15 мамырдағы № 70-р) және Қазақстан Республикасында тұмау пандемиясына ден қоюдың ұлттық жоспары (2009 жылғы 18 тамыздағы №120-р) бекітіліп, іске асырылуда.

Республиканың барлық облыстарында, қалаларында А/Н1N1? пандемиялық тұмауының таралуын болдырмауға және алдын алуға байланысты жұмыстарды үйлестіру бойынша тұрақты жұмыс жасайтын штаб құрылды.

Республикада ағымдағы жылы көп инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Халықтың обамен, тырысқақпен, құс тұмауымен және туляремиямен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.