Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚОРҚОРДЫҢ (КАЛЬЯННЫҢ) АДАМ АҒЗАСЫНА ТИГІЗЕТІН ЗИЯНЫ.


7 июня 2013, 11:38 | 5 572 просмотра



Қорқор (кальян) дегеніміз темекі сияқты табакты тартуға арналған құрал. Қорқор парсы тілінен аударғанда жұтатын түтінді сүзгіден өткізетін және салқындатып отыратын, шегуге арналған құрал дегенді білдіреді.

Қорқордың қысқаша шығу тарихы: 1775 жылы Уильм Хики деген ағылшындық Калькуттаға барады. Сол сапарындағы естеліктерінде ол былай деп түртіп қойған екен: «Мен үшін ең керемет қорқорды дайындап қойыпты. Дәмін татып көрдім, ұнамады. Бірнеше мәрте татып көріп едім, сонда да жағымсыз болды. Мен бар байсалдығымды бойыма жинап, олардан: менің шегуім маңызды ма?» - деп сұрадым, ал олар болса өте сабырлы түрде жауап берді : «Әрине маңызды, егер, танымал болып, мына ортадан шығып қалғың келмесе-деп жауап қатты. Мен адамдардың қорқордан бас тартқанша, түскі асымыздан бас тартамыз дегенін талай естідім». Сонау ерте замандардан бастап адамдардың санасын жаулап алған қорқор бүгінге дейін жойылған жоқ. Керісінше танымалдығы артып, кез келген түңгі клубтар мен мейрамханалардың сәніне айналған. Әсіресе, жастардың арасында үлкен сұранысқа ие. Жалпы, алғаш қорқор Үндістанда пайда болып, аз уақыттың ішінде бүкіл мұсылман мемлекеттеріне тарап кетеді. Ал Еуропада қорқорға танымалдық ХІХ ғасырда келген. Мемлекеттің әртүрлі болуына байланысты, қорқордың да атауы өзгеріп отырған. Араб тілінде Шиша, Наргила, немесе Аргила деген сөздер бар, және олар араб әмірлігінің барлығында қолданыста Наргиле көбінесе Туркия, Грекия Әзербайжанда, Ирак, Ливан, Сирия және Израилде кездеседі. Наргиле деген парсы сөзі «narghile», кокос деген мағнаны береді. Яғни, мұнан пайымдайтынымыз алғаш қорқорды кокос жаңғағының қабығынан кесіп алған болуы мүмкін. Албания, Босния және Грекияда қорқор «лула» немесе «лулава» деп аталады, Румынша бұл «түтік» деген мағынаны білдіреді. Иранда қорқорды «galyan» деп айтады. Бұл сөз арабтардың gla (қайнау, бұрқырау) деген сөзінен алынған. Бұл атау, сонымен қатар, Ресей, Украина және Белоруссияда қолданылады. Өзбекстанда қорқорды «чилим» деп айтады. Қорқор (парысша ghalyan. galyum)- тұтатын түтінді сүзгіден өткізетін және салқындатып отыратын, шегуге арналған құрал деген мағнаны білдіреді.

Қазіргі таңда көптеген адамдар қорқорды көңіл көтерудің жақсы жолы деп біледі. Алайда бұлайша қөңіл көтерудің қаншалықты зиянды екенінен бейхабар. Қорқорға арналған табактың сыртында әдетте 0,5 пайыз никотин 0 пайыз смола бар деп жазылады, бұл жалған. Олардың жарнамаларды аттандап, қорқор зиянсыз, оның денсаулыққа тигізер кері әсері жоқ деп тұрады. Шындығына келер болсақ, табактың қандай түрін алып қарасақ та олардың барлығында жүйкені улайтын никотин болады. Ол ағзаның қандай көлемде табак шеккенін есептеп тұрады. Никотин шегетін ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін, адамға 20-80 минут қорқор тартуға тура келеді. Бір сағат қорқор тартқан адам, бір темекі тартқан кездегіден 100-200 есе артық түтін жұтады. Сондай-ақ оның өкпесіне, никотин мен зиянды заттардың аз болғанына қарамастан, тұншықтырғыш газ көп мөлшерде түседі. 45 минут бойы қорқор шеккен адам тұншықтырғыш газды, бір қорап шылым тартқан адамнан көбірек жұтады. Оны тарту кезінде көбірек күш жұмсауға тура келгендіктен, түтін өкпенің терең тұстарына кіріп кетеді екен.

Әдетте қорқорды бірнеше адам болып тартады, яғни қорқордың мундштук деп аталатын сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Гигиеналық тұрғыдан бұл өте зиянды. Сілекей арқылы таралатын гепатит, герпес, туберкулез сияқты сырқаттардың жұғуына ықпал етеді. Сонымен қатар қорқор айналадағы адамдарға зиянын тигізеді. Қорқор шеккен адамның жанында отырғандар сол адамның өзінен гөрі көбірек уланады. Қазіргі кезде көпшілігіміз қорқорды зиянсыз ермек деп санаймыз. Қорқордың денсаулыққа зияны жоқ, оны сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады деп алданбау керек! Қорқор- бұл улардың, қарамайдың (смола) концерогендер мен бактериялардың өте зиянды қоспаларын адам ағзасына тез жеткізетін «сәнді» аппарат. Қорқор түтінінің улылығы шылым түтінен бірнеше есе жоғары, оның құрамында қарамай (смола) мөлшері 36 есе, көміртегі монототығы 30 есе, улы иісті газ 8,4 есе, никотин 7,5 есе жоғары. Британия дәрігерлері қорқордың бір порциясын, шегілген 100 шылымға теңестірген. Темекінің кез келгенін, оның ішінде, қорқорға арналғанында да никотин болады. Қорқордың бір толтырымында 6,25мг, шылымында 0,8 мг никотин болады. Қорқор тартуды енді бастағандар никотинге тәуелдікке тез душар болады. Қорқор тартатын адам шылым шегетінге қарағанда 14 –есе көп түтінді иіскеп, бойына сіңіреді. Әрі осы кезде улы иісті газдың көп мөлшері өкпесіне сіңеді. Қорқор тартушының ағзасында улы иісті газ ауқымды көлемде оттегі тапшылығын туындатып, шылым шегуші адамдікі сияқты мидың, жүректің, бауыр мен бүйректің жасушаларын зақымдайды. Қорқорға арналған шегу қоспаларының қалай әзірлейтінін көбінесе ешкім тексермейді. Оған есірткі қосатын жағдайларда жиі орын алады, бұл қорқордың зиянды әсерін күшейте түседі. Қорқордағы көмір 600-650 градусқа дейін қызады, ал түтінмен бірге қорқор тартушының өкпесіне никотинмен қатар бензопирен өкпе обырын тудыратын және ДНК мутациясына төзімді тұқым қуалаушылықпен берілуге икемді канцероген сияқты қауіпті заттар да сіңеді. Қорқор түтіні қорқор тартушының қанына канцерогенді (обырды тудыратын заттар) мен, өкпе тінін зақымдайтын ұшпалы альдегидтерді тікелей «жеткізеді». Шылым түтінімен салыстырғанда, қорқор түтінінің құрамында бензопиреннің 75,6 есе және ди-бензопиреннің 245 есе жоғары екені анықталған. Улылығының жоғары болуына байланысты, қорқор тартушылардың өкпе обырымен сырқаттану қаупі 2 есе, респираторлық аурулар мен риниттер 2,3 емсе альвеолит 3,7 есе, ерлердің белсіздігі 2,5 есе, остеопороз бен ауыз қуысы потологиясы 3,5 есе жоғары болады.

Қорқор сұйығында ауыз құысының инфекциялық аурулары гингвивиттер, пародонтоз бен ойық жараларды туындайтын бактериялар жиналады. Бірреттік түтікшілер құтқармайды, өйткені бактериялар қорқордың түтігінде де, қуысында да «тіршілік етеді». Қорқорды тарту кезінде түтікшені бір-біріне ұсыну дәстүрі «А» гепатит, туберкулез, ұшық сияқты инфекциялар мен басқа да вирустық аурулардың тарауына ықпал етеді. Қорқордың зияны мұндай жағдайларда аса қауіпті болады. Қорқордың құрамында никотиннен басқа, адамның геніне кері әсер ететін бензопирен деген улы зат бар. Бензопирен – адам ағзасында қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, бензопирен ДНК-ның мутациялық бұзылуына себепкер болады және қан арқылы іштегі балаға өткен бензопирен деген бәле тұқым қуалайтын ауруларды тудырады. Кальянды пайдалану – оттегіне қарағанда көмірқышқыл газы гемоглобинмен көп байланыста болады. Сол себепті қорқорқұмарлар үнемі гипоксияға (оттегі жетіспеушілігі) ұшырайды.

Соның салдарынан ми, жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық еттер мен басқа да жасушалар оттегінің жетіспеушілігінен әртүрлі ауыр дерттерге шалдығады, оның аяғы әртүрлі мүгедектікке алып келіп соғуы мүмкін. Дәрігерлердің қортындысы бойынша, бір мәрте шеккен қорқор мың шылымға теңеседі. Оның құрамындағы қоспалардың адам ағзасында қоздырмайтын ауруы жоқ десек те болады. Қазіргі уақытта Еуропа мемлекеттері қорқордың зиянды жағына әбден көздері жетткен соң, бірінен кейін бірі тиым сала бастады. Мысалы ағылшындар мен француздар қоғамдық орындарда темекі мен қорқор тартуға 2007 жылы, Эстония мен Финляндия 2008 жылдан бастап қорқор тартуға тиым салды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, қорқордың түтіні қатерлі ісікке, өкпе ауруының асқынуына, туберкулезге, жүрек ауруларының шалдығуына әкеліп соғады. Бұл шылымды аптасына 3 рет кем қолданбайтын адамдардың 90 пайызында тәуелділілік пайда болады екен. Сол себепті де, енді министірлік тарапынан алдағы 5 жыл ішінде қорқорға заң жүзінде тиым салынбақ.

Қазіргі уақытта қорқорды қоғамдық орындарда тартуға тиым салу жөнінде заң қаралуда. Мүмкін осы заң қабылданып, келешекте салауатты өмір салтын ұстанған жас ұрпақ тәрбиелейміз деуге толық мүмкіншілік болмақ. Сонда ғана қорқор тартып, қор болып қалғандар саны азаймақ.

Ал бүгіңгі күннің дәрігерлер қауымының алдына қойған талап – міндеттері : халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды үздіксіз насихаттау болып табылады.

Автор:
Ж.Б. ЖИДЕБАЕВ Жамбыл ауданы СӨС кабинеті