Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚАЖЕТ


24 мая 2013, 11:31 | 5 625 просмотров



ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе дәрі-дәрмек бағасына мемлекеттік реттеу енгізу бойынша ұсыныстар пакетін даярлап жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған агенттіктің төрағасы Болатбек Қуандықов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, жақында фармацевтика және медицина салалары нарығындағы бәсекелестік орта ахуалына жүргізілген талдау бірқатар проблемаларды анықтады. Оның ішінде салада көтерме-делдалдардың көптеп кездесуі, ауылдық жерлерде фармацевтикалық нарықтың дамымауы секілді, сондай-ақ басқа да кемшіліктер орын алуда.

Тағы бір проблема дәрілік заттарға бағаны негізсіз артық қоюға байланысты. Осыған байланысты агенттік ірі фармацевтикалық қауымдастықтардың, көтерме-бөлшек нарығы субъектілерінің өкілдерімен тиісті кеңес өткізген көрінеді.

«Кеңес қорытындысы бойынша нарықта бағаны төмендету мен өнімсіз делдалдарды қысқарту мақсатында агенттік Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе қазіргі кезде дәрілік заттар бағасына мемлекеттік реттеуді енгізу бойынша ұсыныстар даярлауда»,-деді ол.

Белгілі болғандай, осы тектес талдау мұнай өнімдері мен азық-түлік нарықтарына жүргізілген екен. Оның нәтижесі кейінірек ұсынылмақ.

Автор:
Руслан ҒАББАСОВ