Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СУИЦИД ТАҚЫРЫБЫН ТҮСІНДІРУ ҮШІН БАҚ- ТАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР


17 мая 2013, 17:42 | 1 325 просмотров


ЮНИСЕФ суицид тақырыбын түсіндіруде суицид тақырыбын күнібұрын ойлап-пішіп, этикалық тұрғыдан түсіндіру қағидаттарын ұстануды ұсынады. Қағидаттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қамқорлығымен бірқатар елдердегі суицидті зерттеушілердің, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың, зерттеушілердің, психиаторлардың, психологтардың және БАҚ- тардың тәртіпаралық және ведомствоаралық ынтымақтастығының нәтижесінде әзірленді.

Суицидтің алдын алу жөніндегі типтік бағдарламалардың міндетті элементі бүкіл әлемде осы тақырыпты БАҚ-тарда күнібұрын ойлап-пішіп,жауапкершілікпен түсіндіру әдетке айналды. Көптеген елдердің тәжірибелері көрсеткендей, суицидтің алдын алу ісіне БАҚ-тардың біліксіздікпен кірісуінің салдарлары ойға келмейтіндей әрі суицидтің өршуіне әкелуі мүмкін.

БАҚ-тардың қауіпті, сапасы төмен хабарламаларын сынау бұл хабарламалардың халықты қамтуымен үйлеспей, осы тақырыпты суицидтің алдын алу жөніндегі ұлттық бағдарламалардың бөлігі ретінде күнібұрын ойлап-пішіп, этикалық тұрғыдан түсіндіру қағидаттарын әзірлеуге септігін тигізді.

Швейцария – журналистердің ұсынымдардың жолын ұстанушылығының пионері. БАҚ- тарда ұсынымдар жарық көрген соң 9 айдан кейін мұндай оқиғалар саны үш есе көбейген жағдайда алғашқы беттердегі суицид туралы хабарламалар 20-дан 4%-ға дейін, сенсациялық тақырыптардың үлесі 62-ден 25%-ға дейіназайды.

Автор:
ҚР ДСМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ