Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАС ҒАЛЫМ-ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ХIII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ


17 мая 2013, 17:42 | 1 153 просмотра


Республиканың жас ғалым-дәрігерлері үшін осымен 17 жыл бойы әр жылдың мамыр айында жиналып, ТМД елдерінен келген әріптестермен өз жетістіктерімен бөлісу дәстүрге айналды.

Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетінсіз медициналық ғылым мен тәжірибенің дамуы мүмкін емес. Олар еліміздегі медицина саласының кадрлық қоры болып табылады. Жас ғалым- дәрігерлер медицина ғылымының барлық саласындағы түрлі аурулардың диагностикасының, емдеу және алдын алуының өзекті мәселелерін талқылайды.

Инновациялық технологияларды әзірлеу және тәжірибелік денсаулық сақтауға ендіру қазіргі заманғы медицина ғылымының дамуы үшін маңызы зор. Әр түрлі деңгейлі урологтардың тәжірбесіне, мамандандырылған урологиялық көмекте науқастарды емдеу және тексерудегі аса тиiмдi ұтымды әдiстерге заманауи инновациялық әзірлемелерді ендіру емделушiлердің өмір сапасын жақсартуға, мүгедектікке ұшырауды азайтуға мүмкiндiк бередi.

Конференцияда эксперименталдық-теориялық және әлеуметтік медицинаның заманауи аспектілері, клиникалық медицинадағы жаңа технологиялар, несеп-жыныстық жолдардың ауруларын анықтауды және емдеуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Форум аясында Мәскеу қ. Урология ҒЗИ ФММ және Алматы қ. Урология ғылыми орталығынан баяндамашыларымен интерактивті режимде онлайн-конференция ұйымдастырылды.

Сонымен қатар жас мамандар байқауы өтті. Әрбір қатысушы баға жетпес тәжірибе мен ғылымның жаңа жетістіктерін талқылау мүмкіндігіне, өз салаларындағы жетекші мамандардың ұсыныстарын ие болды. Конкурс жеңімпаздарына сыйлықтар мен марапаттар табыс етілді.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Баспасөз қызметі